Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

Риддерде биатлоннан Елена Хрусталеваның кубогі жолындағы жарыс аяқталды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-24 ақпан аралығында Риддер қаласында биатлоннан Елена Хрусталеваның кубогі жолындағы жарыс аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Риддерде биатлоннан Елена Хрусталеваның кубогі жолындағы жарыс аяқталды

Үш жас категориясына бөлінген 70-тен аса биатлоншы танымал спортшының жүлдесі үшін таласты. 

Жарыстың негізгі мақсаты – еліміздегі биатлонды дамытып, спорттық шеберлікті арттыру. Сондай-ақ, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік жасап, патриоттық сезімді шыңдау. 

«Балалар біздің елдің болашағы. Оларды жас кезінен спортқа бейімдеп, салауатты өмір салтын ұстануға шақыруымыз керек. Биатлоннан Риддерде өткен республикалық турнир жас спортшылардың көзін ашып, олардың спортқа  деген қызығушылығын арттыра түсті», - дейді Елена Хрусталева.