Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

ШҚО Күршім ауданында қалыңдығы 1 метрден асатын қар жатыр

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сенсек, биыл аймақтағы қардың қалыңдығы (орташа деңгейі - 36 сантиметр)  жылдағы нормадан 22 сантиметрге жоғары. 

ШҚО Күршім ауданында қалыңдығы 1 метрден асатын қар жатыр

Күршім ауданындағы қардың биіктігі тіпті бір метрден (136 сантиметр) асып жығылған. Ал Алтайда 94, Үржарда 90, Көкпектіде 59 сантиметрді құрап отыр. Өңірдің өзге аймақтарындағы қардың қалыңдығы 50 сантиметрден аспайды.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы