Қаржы • 27 Ақпан, 2019

Барлық кедендік операция ақысыз негізде жүзеге асырылады

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Интернет-сауданы дамыту жағдайында шетелден экспресс-тасымалдаушылармен Қазақстанға әкелінетін сәлем-сауқаттар тапсырыстарының саны көбейіп келе жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық кедендік операция ақысыз негізде жүзеге асырылады

Экспресс-тасымалдаушылармен әкелінетін сәлем-сауқаттар жолаушының кедендік декларациясын (ЖКД) беру арқылы декларациялануға жатқызылады, бажсыз әкелу нормаларынан асқан жағдайларында кедендік органмен кедендік кiрiс ордерi (ККО) рәсімделеді.

Сонымен ЖКД-ны және ККО-ны шығару рәсімдері бойынша қызметтерді қоса алғанда кедендік операциялардың бәрі ақысыз негізде жүзеге асырылатынын атап өту қажет.

Сонымен бірге, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормалары күнтізбелік 1 айдың кезеңінде бір жеке тұлғаның атына 500 еуроны және 31 килограмды құрайтынын еске саламыз.

Белгіленген нормалар асқан жағдайда, құндық және/немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде құнынан 30 пайыздық,  салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керек.