Боченски мен Фрэттиннің бенефисі

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф кезеңіне шыққан елорданың «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогының 1/8 финалында Төменгі Новгородтың «Торпедо» командасымен кездесіп, алғашқы ойында ірі есеппен жеңіске жетті.

Егемен Қазақстан
28.02.2019 2836
2

Он мыңға жуық жанкүйердің қолдауымен «Барыс Арена» мұзай­дын сарайында өткен кезде­суде «Барыс» командасы жан­күйерлер күткендей матч басында ойын тізгінін өз қолына алып, плей-офф кезеңінің келесі сатысына шығуды алдына мақсат етіп қойғаны анық байқалды. Тіпті, матчтың бесінші минутында Мэттью Фрэттин «Торпедо» қақ­­пашысы Браст Барримен бір­ге-бір шыққан болатын, бірақ Барри шеберлігімен көзге түсіп, қақпасын голдан сақтап қалды. Матчтағы есепті бірінші болып қонақ команда ашты. Ойынның 12-минутында «Торпедо» ойын­шысы Роберт Саболич мер­ген­дігімен көзге түсіп, командасын есепте алға шығарды. Жер­лестеріміз бірінші кезеңде есепті теңестіруге тырысып бақ­қанымен, қарсыластар шайба соғуға мүмкіндік берген жоқ. 

«Барыс» хоккейшілері екін­ші кезеңінің орта тұсынан бас­тап қарсылас команданың қақпасына қарай шабуылды қарша боратты. Тіпті, таблодағы көрсеткіш 0:1 емес, 10:1 нәти­жесімен «Барыс» пайдасына шешілуі мүмкін еді. Бірақ «Торпедо» қақпашысы Браст Барридің шеберлігін ерекше атап өту керек. «Барыстың» екінші кезең бойы тынымсыз шабуылының нәти­желі аяқталуына Барри мүмкіндік бер­меді. Ол қақпасына бірде-бір шайба өткізген жоқ. «Барыс» ойыншылары екінші кезеңнің соңғы минутында есеп­ті те­ңестіруге мүмкіндік ал­ды. Шай­ба авторы – Андре Петерс­сон. 

Үшінші кезеңде де ойын тізгінін қолға алған елорда командасы 42-минутта өз дегеніне жетіп, Брэндон Боченскидің соққан шайбасының нәтиже­сінде есепте алға шықты. Арада екі ми­нут өткенде Мэттью Фрэт­­тин мергендігімен көзге түсіп, командасының үшінші шай­басын соқты. «Барыстың» басымдығымен өткен кезде­судің нүктесін 56-минутта ко­манда капитаны Брэндон Бо­ченски қойды. Қорытынды есеп – 4:1, «Барыстың» пайдасына. 

Бүгінге дейін екі клуб тұ­рақты біріншілік аясында өзара 24 кездесу өткізді. Соның 11-інде «Барыс» басымдық та­нытқан болатын. Қалғанында «Торпедоның» асығы алшысынан түсті. Айта кету керек, елордалықтар 8 мәрте негізгі уақытта жеңіске жетсе, екі ойында овертаймда басым түскен. Ал бір кездесуде «Барыс» буллит сериясы бойынша ұтқан болатын. Елорда командасы қарсылас қақпасына 71 шайба соқса, «Торпедо» ойыншылары 68 мәрте мергендік танытқан. Екі команда соңғы рет былтыр 14 қыркүйекте кездесіп, «Ба­рыс Аренада» өткен матчта елор­далықтар 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Екі команда арасындағы плей-офф кезеңінің екінші кез­десуі бүгін «Барыс Арена» мұзай­­дын сарайында өтеді. Қал­ған екі ойын 2 және 4 наурыз­да Төменгі Новгородта өтеді. Ай­та кетейік, плей-офф кезеңі екі ко­манданың бірі төрт рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады.

Әли БИТӨРЕ,

«Egemen Qazaqstan»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2019

Ж. Қасымбек су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кеңес өткізді

18.03.2019

5 баланы құтқарған азамат Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды

18.03.2019

Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды

18.03.2019

Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

18.03.2019

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барды

18.03.2019

«Жетісу» телеарнасы 20 жылдығын атап өтеді

18.03.2019

Жетісу кәсіпкерлері жақсылық жасаудан жарысып жатыр

18.03.2019

Түркі Академиясының 2019 жылғы жұмыс жоспары бекітілді

18.03.2019

Е. Алпысов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

18.03.2019

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

18.03.2019

Астана әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың жаңа 13 шарасын ұсынды

18.03.2019

Елбасы Астана қаласында салынатын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

18.03.2019

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары жарияланды

18.03.2019

Оңдасын Оразалин жол-көлік апатынан қаза болғандардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

18.03.2019

Бокстан Марина Вольнованың жүлдесі үшін турнир өтті

18.03.2019

Калгариде конькишілердің қанжығасы майланды

18.03.2019

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болады - Бердібек Сапарбаев

18.03.2019

2025 жылға қарай өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі 2 есеге артады

18.03.2019

Түркістан: Сайрам ауданында кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

18.03.2019

Астанада алдағы екі айда экологиялық науқандар өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Suranys kо́p, qoldaý kem

О́z elimizde óz tilimizdiń kenje qalǵanyn jasyra almaımyz. Eń basty másele – onyń qoldaný aıasy tarylyp ketti. Bul kemshilikti eńserý úshin qazaq tilin jańǵyrtý qajet. Qalaı? Mine, bul kimdi bolsa da tyǵyryqqa tirep, oılandyratyn úlken suraq. Biraq onyń sheshimin búgingi tańda memlekettiń ózi usynyp otyr. Bar másele, osyny arqaý etip, zańdy qoldaýǵa qajettilik týǵyzý. Ol úshin ne istegen jón?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу