Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

Аз қамтылған отбасылардың балаларына 23 жасқа дейін жәрдемақы төленеді

3268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аз қамтылған отбасының балаларына берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.

Аз қамтылған отбасылардың балаларына 23 жасқа дейін жәрдемақы төленеді

«Егер ол 1 шілдеге дейін 4 834 теңге болса, 1 шілдеден бастап 20 789 теңгеге жетеді. Ол 18 жасқа дейін төленеді. Егер ол балалар оқитын болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Оған қосымша ата-анасына табыстары күнкөріс айырмашылығын есептегенде күнкөріс деңгейінен төмен болса онда да оларға қосымша жәрдемақы төленеді» деді Бердібек Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде халыққа ыңғайлы болуы үшін талап етілетін құжаттар саны азаяды.

«Енді осының барлығы қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «Е-халық» жүйесімен жүзеге асырылады. Егер кейбір мәіліметтер жоқ болатын болса да ата-ананың келуінің керегі жоқ. Жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары, әкімшіліктер тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жасап, өздеріне тиісті мәліметтерді алатын болады» деді ол.