Қазақстан • 01 Наурыз, 2019

«Болашақ» үміткерлерінің жасы 50-ге дейін шектеледі

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан білім министрлігі үкімет қаулысының жобасын әзірледі, соған сәйкес халықаралық «Болашақ» стипендиясы үміткерлерінің жасы 50-ге дейін шектелетін болады, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен. 

«Болашақ» үміткерлерінің жасы 50-ге дейін шектеледі

«Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы үкіметінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы әзірленді» делінген хабарда. 

Аталмыш қаулы жобасы «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлердің жасы 50 жастан жоғары болмау керектігін қарастырады. 

Бұған дейін хабарланғандай, «Болашақ» бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 25 ақпанынан 31 тамызына дейін жүргізіледі. Байқаудың өзі 2019 жылдың 6 наурызы мен 29 қарашасы арасында өтеді.