Бокс • 02 Наурыз, 2019

Қазақстандық боксшы чемпион атанды

1039 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Легьоново қаласында бокс кеші өтті. Оның аясында қазақстандық боксшы Виктор Коточигов жергілікті спортшы Петр Гудельмен шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы чемпион атанды

Жартылай жеңіл салмақтағы Польшаның «халықаралық» чемпионы атағы сарапқа салынған жекпе-жек 10 раундқа созылады деп есептелген болатын. Алайда кездесудің алтыншы кезеңінде қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласына сол қолмен жойқын соққы жасады.  Гудель бірнеше қадам жасады да,  есін жия алмай құлады. Спортшының орнынан тәлтіректей көтерілгеніне қарамастан төреші жекпе-жекті тоқтатты.  Бұл Коточиговтың кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісі әрі төртінші рет қарсыласын нокаутқа түсіріп отыр. Гудель үшінші рет жеңіліс тапты.