Қазақстан • 03 Наурыз, 2019

Көктайғақ салдарынан Ақмола облысының жолдары жабылды

941 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақмола облысының жолдары көктайғақ салдарынан жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Көктайғақ салдарынан Ақмола облысының жолдары жабылды

Көктайғақ салдарынан Көкшетай-Омбы, Щучье-Петропавл, Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка жолдары жабылды. Бұған дейін Қазгидромет Ақмола облысында жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетіп, қалың қар түсетіндігін, көктайғақ болып, боран тұратындығын және тұман басатындығын ескерткен еді. Ауа райының қолайсыздығынан кеше Астана-Щучье және Астана-Қостанай жолдары  да жабылған болатын.