Футбол • 03 Наурыз, 2019

Павлодар облысының әкімі Ertis футболшыларына үздік үштікке енуді міндеттеді

854 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Болат Бақауов Ertis ФК футболшылары мен жаттықтырушыларымен кездесті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының әкімі Ertis футболшыларына үздік үштікке енуді міндеттеді

Өңір басшысы атап өткендей, павлодарлық жанкүйерлер былтырғы маусымдағы сүреңсіздіктерді әлі ұмытқан жоқ. « Былтырғы маусым Павлодар футболының бұрын-соңды болмаған жеңілісін көрдік. Биыл Димитар Димитров селекциямен өзі айналысты. Ардагерлеріміз оның жұмысын оң бағалауда. Біз үздік үштікке енуіміз қажет. Алдарыңызға осындай мақсат қоямын. Ertis футбол клубы үшін басқа меженің болуы мүмкін емес» деді Болат Бақауов.  

Облыс әкімі аталған мақсатқа жету үшін барлық жағдай жасалғанын айтып, футболшылардан аянбай тер төгуді талап етті. Бар күштеріңізді сала ойнау керек. Тәртіп барлық салада, оның ішінде жасыл алаңдада қатаң сақталуы керек. Барлықтарыңызға жарақаттарсыз маусымды жақсы өткізуді тілеймін. Адал ойнаңдар, павлодарлық футбол жанкүйерлері әдемі ойын көру керек». Ertis ФК бас бапкері Димитар Димитров Болат Бақауовқа қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, былтырғы жылдан гөрі әлдеқайда жоғары нәтиже көрсетеміз деп уәде берді.

«Маусым ауыр болады. Қарсыластарымыз аса күшті. Алайда, былтырғы жылдан гөрі, тәуір көрсеткішке жететінімізге уәде беремін», - деді Димитар Димитров.  Еңбек ардагері, КСРО Еңбек сіңірген металлургы және химигі Сапарбек Беркетов ардагер жанкүйерлер атынан команданың бас бапкерінен матчтар кезінде сабыр сақтап, төрешілер жұмысына араласпауын өтінді. «Барлықтарыңа айтамын, Павлодар - футбол қаласы екендігін ұмытпаңдар.  Сіздерге сәттілік тілеп, «Ертістің» туын биік ұстауды өтінемін. Барлықтарыңды сыйлаймыз, әрі жеңістер күтеміз»,- деді Сапарбек Беркетов.