Аймақтар • 03 Наурыз, 2019

Сыр елінің тәртіп сақшылары бүлдіршіндерді қуантты

926 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы аясында бүгін Қызылорда қаласында қайырымдылық концерт өтті. Шараның басты қонағы ретінде «Азия дауысы» фестивалінің және «Дарын» конкурсының лауреаты, танымал отандық орындаушы Бейбіт Қорған шақыртылды, деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Сыр елінің тәртіп сақшылары бүлдіршіндерді қуантты

Тәртіп сақшыларының ат салысуымен ұйымдастырылған концертке аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, полиция органдарында есепте тұрған жасөспірімдер және облыс тұрғындары шақырылды.

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «2018 жыл – бақытты балалық шақ» жылы болып жарияланған болатын. Аталмыш имидждік жоба  қоғамдағы балаларға қатысты жасалатын заңсыз әрекеттердің жолын кесу, оларға қолдау көрсету қағидатын қалыптастыруға бағытталған.

Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 400-ге жуық бала жиналды. Залдағы көңіл-күй жылы әрі шырайлы болды. Музыка басталғаннан кейін  жас көрермендер әннің ырғағымен әншіге қосылып ән шырқап, би биледі.

Балалар мерекелік көңі-күйге бөленді.

Концерттің соңында Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшылығы осы жобаға қолдау білдіргені үшін Бейбіт Қорғанға алғыс айтып, Алғыс хат табыстады. Концерттен кейін балалар өздерінің сүйікті әншісімен естелікке суретке түсті.

Соңғы жаңалықтар