Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Бейбіт Атамқұлов: Қазақстан Елбасы айқындаған 7 басымдықты сәтімен жүзеге асырды

1491 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
Бейбіт Атамқұлов: Қазақстан Елбасы айқындаған 7 басымдықты сәтімен жүзеге асырды

2018 жылғы желтоқсанда елі­міз халықаралық бейбітшілік пен қауіп­­­сіздікті сақтау үшін не­гізгі жауап­кер­шілік жүктелген Біріккен Ұлттар Ұйы­мының басты органы – БҰҰ Қа­уіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде екі жылдық жұмысын сәт­ті аяқтады.

Дәл осы БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сі әлемге төнген қауіпті не­ме­се агрессия актісін анық­тау­да жетекші рөл ат­қа­­рады, халық­аралық санкцияларды ен­гізуге және БҰҰ-ның қолдауымен әс­кери немесе бітімгершілік опера­цияларды жүргізуге құқылы. Мұн­­да әлем­­дегі ең шиеленіскен қақ­тығыстар мен дағ­дарыстар талқыланады, ал оның шешімдері халықаралық құқық нормаларына сәйкес БҰҰ-ның барлық мүше елдері үшін міндетті болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы 1 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған «Қа­уіпсіз, әділ және өркендеген әлем құ­ру үшін жаһандық әріптестікті ны­ғайту жөніндегі Қазақ­станның тұжы­рым­да­малық көзқарасы» атты саяси Үн­де­уін­де көзделген жеті басымдық біз­­дің жұ­мы­сымыздың басты бағдарына ай­налды. 

1-басымдық Қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау

Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық қаруды таратпау режі­мін дәйекті ны­ғайту және ке­ңейту арқылы планетаны ядро­лық қарудан арылту бойынша әлем қоғамдастығының күш-жігерлерін шо­ғырландыруды жалғастырдық. 2018 жылы қаң­тарда өткен «Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі тақырыптық брифингі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қазақстандық төрағалықтың бас­ты оқиғасына айналды. 

Бұл іс-шара Қазақстан та­рихын­дағы маңызды оқиға болды. Мемлекет басшысы алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесіне төрағалық етті және осы өзекті мә­селе бо­йынша Қазақстанның сыртқы сая­сатының негізгі басымдықтарын атай отырып, Кеңестің залында қазақ тілінде сөйледі.

Осы тақырып бойынша пікір­талас «Әлем. XXI ғасыр» ма­нифесі рухында ядролық қа­руды таратпауды, жан­жал­дар­дың алдын алудың жан-жақты стратегиясының негізгі элементі ретінде алғаш рет тануға мүмкін­дік берді. 

Қауіпсіздік Кеңесі Қазақ­стан­­ның ұсы­­­нысы бойынша, қақтығыстарды рет­теу, қай­да және қашан орынды болса, бола­шақ ұрпақтарды со­ғыс апатынан құт­қару үшін мү­ше мемлекеттердің ор­­тақ мақсат­тарға жету жолындағы күш-жігерін біріктіру арқылы сенімді қал­­­пына келтіру шараларын қамтуы мүм­­кін деген ережелерді құжат түрінде бекіткені маңызды. Бұл постулаттар Төрағаның 2018 жылдағы бірінші мәлім­демесі. Қауіпсіздік Кеңесінің саяси түр­де міндетті құжатына енгізілген.

2-басымдық Дау-жанжалсыз әлем құру

БҰҰ ҚК мен БА-ның ресми құ­жаты­на айналған «Әлем. XXI ғасыр» ма­нифесі осы жүз­жыл­дықта әлемді со­ғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның се­беп­терін жоя­­­тын стратегия­ны іске асыруды адам­зат­тың ең басты міндеті ретінде бел­гіледі. Бұл рет­те, біз соғыссыз әлем, ең алдымен, жанжалдардың түпкі фактор­ла­рын жою деп түсіндік. Жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер – терроризм, зорлық-зомбылық экстремизмі, көші-қон және өзге де келеңсіз құбы­лыстар экономикалық дағдарыстың, кедей­шіліктің, сауатсыздық пен жұмыс­сыздықтың, халық­ара­­­лық қаржы, сау­да мен даму са­ласындағы жаһандық бәсе­келестіктің салдарлары болып табылады. Осыған орай, Қазақ­станның Кеңес­тегі күш-жігері жаһандық және өңірлік деңгейде әскери текетірес дә­режесін тө­мендету арқылы жа­һан­дық со­ғыс­тың қаупін толық жою және оның алдын алу үшін барынша жағдайлар жасауға бағытталды.

Күрделі келіссөздердің нәти­жесінде Қазақстан 2045 жылы БҰҰ-ның 100 жыл­­дығы қар­са­ңында терроризмге қар­сы және терроризмсіз әлемге қол жет­кізу қа­жеттілігін БҰҰ ҚК ресми құ­­жа­тында көрсете алды. Қауіп­сіз­дік Ке­ңес өзінің саяси мін­детті құ­жатында келесі ұрпақ үшін со­ғыссыз болашақ құ­рудың уа­қыт ше­гіне қатысты барлық мү­ше­лердің ке­лісімін алғаш рет бекітті. 

Бұл идеяны Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаев 2015 жылы БҰҰ Бас Ас­самблеясының ме­рейтойлық 70-сес­сия­­сында ұсынды. Жалпы алғанда, Мем­лекет басшысы 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында АӨСШК туралы бастамасын жария етіп, сенім шараларын қолдануды және іске қосуды ұсынғаны мәлім. 

Әрине, БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесіндегі және бейбітшілікті сақ­­тау проблемалар жүйесі бо­йын­ша жұмысымыздың көр­нек­ті нәтижесі Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгершілік қызме­тіне қатысуының іс жүзіндегі жаңа кезеңі болды. 2018 жылы қазанда еліміз БҰҰ-ның Ли­ван­дағы Уақытша күштерінде Үндіс­танмен бірге  әс­кери қыз­метті өткеру үшін алғаш рет 120 адамнан тұратын бітімгершілік контингент жіберді.

3-басымдық Орталық Азия және Ауғанстан

Тарихи түрде Орталық Азия­­ның ажырамас бөлігі болып табылатын Ауған­­­станға эко­номикалық және әлеу­­меттік да­­муда, бейбітшілік пен қауіп­­сіз­дікке төнген сын-қатерлерге қар­­сы тұруда, сондай-ақ оның әлеуетін ны­ғай­туға жан-жақ­ты көмек көрсету әр­дайым Қа­­зақ­­станның сыртқы саяси ба­сым­­­дықтарының бірі ретінде қаралды. 

Біз Қауіпсіздік Кеңесінде «Қауіп­сіздік пен дамудың өза­­ра тәуелділік үлгісі ретінде Ауған­стан мен Орталық Азияда өңір­лік әріптестікті құру» атты біз үшін және біздің өңіріміз үшін өзекті та­қы­рыпқа министрлер деңгейіндегі ма­ңызды пі­кі­р­таластарды ұйымдастыра ал­дық. Бұл пікірталастар ОА ел­­дерінің сырт­қы істер ми­нистр­­лерінің қатысуы­мен ұйымдас­ты­рылды. 

Осы пікірталастардың қоры­тындысы бойынша Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы әріптестікті орнату жөнін­дегі, өңірдің экономикалық дамуы­на және Ауғанстандағы ха­лық­аралық тер­рористік ұйым­дардың заңсыз қазметі­нен туын­дайтын қауіп-қатерлерді бә­сең­­детуге жәрдемдесетін Қауіп­сіз­­дік Ке­ңе­сінің ресми құжаты қа­­былданды. 

Сонымен қатар Кеңес жетек­ші ойын­­­­­­шылардың қарама-қайшылығы салдарынан соңғы үш жыл бойы мүм­кін болмаған Қазақстанның Орта­лық Азиядағы ахуал мен біздің айма­ғымыздағы БҰҰ Өңірлік орталығының алдын алу дипломатия бойынша қызметі жөнінде әзірлеген құ­жатын қабылдады. 

4-басымдық Контртерроризм

Терроризм халықаралық бей­біт­шілік пен қауіпсіздіктің ең басты және өт­кір проблема­ларының бірі болып қа­ла бермек және тұрақты даму мен  гума­нитарлық жағдайға теріс әсерін тигізуде. Халықаралық тер­рористік топтардың қызметі әлем­нің көптеген өңірлеріндегі жиі дағдарыстық құбылыстардың драй­вері болып келеді.

Сондықтан «ИГИЛ/ДАИШ», «Әл-Каи­да» және «Тали­­бан»­қозғалысы атты ең ірі тер­ро­ристік ұйымдармен қар­сы кү­рес жө­ніндегі Кеңестің санк­ция­лық коми­­­теттерін басқару біз үшін оңай бол­мады. Дегенмен, Қа­зақстан Қауіп­сіздік Кеңе­сінің осы қосалқы құры­лымдарының жұ­­мысына серпін бере отырып өз миссиясын абыроймен атқа­рып шықты деп ойлаймын. 

БҰҰ-ға мүше көптеген мемлекеттер Қазақстанның терроризмге қар­сы кү­рестегі тиімді жұмысын және Қауіп­сіздік Кеңе­сінің қосалқы органдарын­да табысты төрағалық еткенін мо­йын­дайды. Осылайша  ҚК Төрағасы Ауғанс­танға, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне (Филиппин, Индо­незия, Малайзия, Сингапур), Өзбек­станға және Ресейге сапар жа­сады. Біздің өкілдігіміз осы коми­теттердің басшылары үшін бүлінген немесе терроризм қаупі бар елдерге сапармен барудың рекордын көрсетті. 

Терроризмнен азат әлемге қол жет­кі­зу тәртібі кодексінің 2018 жылы қыр­күйекте қабылданғаны осы бағыттағы жұмысымыздың басты нәтижесі бол­ғаны сөзсіз. Бұл құжаттың мәнін қай­та ба­ға­лау қиын. 2015 жылы БҰҰ штаб-пә­терінде айтылған құжатты қа­был­­дау идея­сы Мемлекет басшысына тиесілі. Нью-Йорк­тегі және БҰҰ мү­ше мемлекеттердің астаналарында қа­жырлы еңбекті талап еткен жұмыс­тың нәти­жесінде қазақстандық дип­ломаттар алдына қойған міндеттерін орын­дап, 2045 жылға қарай жоспарланып отырған терроризмнен азат әлем үшін жаһандық коалицияны құруға қол жет­­кізді. Бүгінгі таңда халықаралық коа­ли­­цияға әлемнің 80-ге жуық мемлекеті кі­реді.

5-басымдық Африкадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ағым­дағы күн тәртібінің шамамен 75%-ы Африка­дағы қақты­ғыстарға арналған. 

Қауіпсіздік Кеңесінде атқарғ­ан жұ­мы­сының барысында қазақ­стандық де­ле­гация Африка тақы­рыбына қатыс­ты жүзден аса отырысқа қатысты. Олар­­дың ара­­сында Орталық Африка Рес­пуб­ликасы, Конго Демократиялық Рес­­публикасы, Бурунди, Судан және Оң­түстік Судан, Мали, Ливия, Сомали сияқты елдердегі ұзаққа созылған қақ­тығыстар бар. Африка мен дамушы әлем­нің жеке мәселелері жалпы алғанда, өңіріміздің проблемаларына ұқ­сас.  Әңгіме халықаралық терроризмге қарсы күрес, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мәселелері, гуманитарлық көмек көрсету, жұмыс орындарын құру, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және көптеген басқа да мәселелер туралы болып отыр.

Комитет Төрағасының Со­мали, Джибути, Эфиопия және Кенияға сапарлары ұйым­дас­тырылды. Көпте­ген жылдар бойы мұның мүмкін болма­­ғандығын атап өту қа­жет. Қа­зақстан халықаралық тер­ро­ристік топтардың, атап айт­қанда, Шығыс-Африка айма­ғындағы «Аль-Шабаб» тобының қыз­метін реттеуге елеулі үлес қосты. Біздің іс-әрекеттеріміз Эфио­­пияның жаңа бас­шылығының көш­басшылығында бас­тал­ған аф­рикалық мүйіс ай­ма­ғы ел­дерінің жақын­да­­­суының ауқымды про­цесі үшін маңызды каталитикалық әсер­ге ие болды деп есептейміз. Мемлекет бас­шысы 2017 жылдың қаңтарында қазақ­стандық дипломаттар алдында дәл осы міндетті қойған болатын, енді ол табыс­ты іске асырылды. 

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы 2009 жылдан бері іс жүзінде әр­е­­кет еткен ұзақ жылдарға созылған санк­ция­­­ларын алып тастау қазақстандық күш-жі­гердің практикалық нә­тижесі бол­­ды. 

6 және 7 басымдықтар Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігі және БҰҰ реформасы 

Кеңес мүшелері Қазақ­станның БҰҰ штаб-пәтерінде ұсынған жанжалдарды реттеу, алдын алу және олардың негізгі себеп­терімен күресу туралы жаңашыл стратегиясын қолдады.

Бұл стратегияны әлемнің әр­ түкпі­рінде қолдануға болады және оның үл­гілік стратегия­ болуына барлық негіз бар. Қауіп­сіздік пен дамудың өзара тәуел­ділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ аймақтық тәсілдеме және бірыңғай құры­лым ретінде БҰҰ-ның қызметін штаб-пәтерде және жергілікті жерлерде үйлес­тіру оның негізгі элементі болып табылады. Бұл тұтастай ал­ғанда Ұйымның тиімділігін, ашық­ты­ғын және есептілігін арттырады деп санаймыз. 

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмы­сында еліміздің тағы бір симво­ликалық, елеулі жолын атап өткіміз келеді. Қазақ­стан кезекті екі жылға сай­­­­ланатын БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұ­рақ­ты емес мүше­лерінің ұлттық туларын ор­нату салтанатты рәсімін өткізу дәс­түрін қа­лып­тастырды. 

* * *

Қазақстан өкілдері БҰҰ Қа­уіп­сіздік Кеңесіндегі екі жыл­ғы жұмысында Қауіпсіздік Ке­ңесінің мыңдаған ашық және жа­бық отырыстарына, БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесі мүшелерінің бейресми кез­десулері форматындағы отыз сегіз іс-шараға қатысты, 115 қарар мен 48 Кеңес Төрағасының мәлімдемелерін қа­был­­дауға үлес қосты. Бұл сандардың ас­тарында біздің дипломаттарымыздың, Сырт­қы істер министрлігі, оның шетел­дер­дегі мекемелері, сондай-ақ еліміздің басқа да мемлекеттік органдары қызмет­­керлерінің орасан зор жұмысы жатқанын елестету қиын емес.

Қауіпсіздік Кеңесі мүше­ле­рінің әлем­нің әртүрлі өңір­ле­ріне жасаған он екі да­ла сапарына Қазақстанның қаты­суын ай­тарлықтай атап өту қа­­жет. Бұл тікелей өзде­рінен өңір­­дегі жағдай мен  одан кейін шешім қабылдау бойынша ақпарат алу үшін маңызды мәні бар. Еліміздің 2018 жылғы қаң­тар­да Қауіпсіздік Кеңесінде төр­ағалық кезінде Ауғанстанға осындай сапарлардың бірін ұйым­дастырды, бұл ауған әріп­тестеріміздің тарапынан оң қа­был­данды және Ауғанстанның көш­басшысы А. Гани Мемлекет басшысына алғыс хатын жолдады.

* * *

Біз БҰҰ алаңында белсенді жұмыс­ты жалғастыруға, көп­жақты ынтымақ­­­тастықты қол­дауды, халықаралық дәре­жеде таныл­ған ережелерге негізделген әлемдік тәртіпті сақтауды, жа­һандық сын-қатерлерді бір­лесіп еңсеруді, бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен ортақ дамуға жәр­дем етуді жалғастыруға ниеттіміз.

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ,

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі