Спорт • 04 Наурыз, 2019

Брэндон Боченски үздіктер қатарында

916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин Кубогы жолындағы жарысының алғашқы айналымы бел ортадан асты. Бүгінгі күнге дейін өткен бәсекелер барысында ең нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүрген ойыншылар тізімінде Брэндон Боченски де бар.  

Брэндон Боченски үздіктер қатарында

Астананың «Барыс» клубының капитаны плей-офф сайысындағы әр ойын сайын өз қоржынындағы ұпай санын арттыруда. Төменгі Новгородтың «Торпедосына» қарсы алғашқы кездесуде ол екі гол соғып, бір мәрте нәтижелі пас берсе, келесі матчтарда тек пас берумен ғана шектелді. Нәтижесінде алты ұпайды еншілеген Брэндон Боченски сұрмергендер тізімінде төртінші орынға табан тіреді. 

«ТОП-5» сұрмергендер

Сергей Шумаков («Авангард») – 6 ұпай (5 гол+1 пас)

Тему Хартикайнен («Салават Юлаев») – 6 ұпай (3 гол+3 пас)

Стаффан Кронвалль («Локомотив») – 6 ұпай (3 гол+3 пас)

Брэндон Боченски («Барыс») – 6 ұпай (2 гол+4 пас)

Тэйлор Бэк («Авангард») – 6 ұпай (1 гол+5 пас)

Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» плей-оффтағы өзінің кезекті кездесуін бүгін Төменгі Новгородта жергілікті «Торпедоға»  қарсы өткізеді. Осыған дейінгі үш бәсекенің екеуі жерлестеріміздің пайдасына шешілген болатын.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»