Спорт • 05 Наурыз, 2019

«Барыс» қолда тұрған жеңістен айырылды

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтың хоккей лигасының (ҚХЛ) алғашқы плей-офф кезеңіндегі төртінші кездесуін Төменгі Новгородта өткізген «Барыс» жергілікті «Торпедодан» ұтылып қалды.

«Барыс» қолда тұрған жеңістен айырылды

Бәсекені елордалық ойыншылар керемет бастаған еді. Бірінші кезеңде Патрис Кормье, Павел Акользин және Мэттью Фрэттин мергендік танытып, «Барыс» үш шайба айырмашылығымен алға шықты. Сәл кезде барша қазақстандық жанкүйерлер «енді айдын иелері бас көтере алмайтын шығар» деп ойлады. Бірақ бәрі біз ойлағандай болмады. Үзілістен кейін Антон Волченков пен Михаил Варнаков соққан голдарға біздің жігіттер лайықты жауап қайтара алмады. Үшінші кезеңде Кертис Волк нысананы дәл көздегенімен, кездесудің аяқталуына небары ек жарым минут қана қалғанда қақпамызға тағы екі шайба жіберіп алдық.

Ойын овертаймға ұласқанда «Торпедоның» бағы жанды. Жеңіс голын Владимир Галузин соқты. Есеп – 5:4. Осылайша, айтулы қос команда арасындағы матчта есеп теңесті  – ­2:2.  Келесі кездесу сәрсенбі күні Астанада өтеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51