Аймақтар • 05 Наурыз, 2019

Теңіз жаяу әскерлері үздік «Мерген батальон» жарысында бақ сынауда

1088 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстаудағы «Оймаша» оқу полигонында Қарулы Күштердің жалпы әскери батальондары арасындағы үздік мергендік батальоны таңдалуда.

Теңіз жаяу әскерлері үздік «Мерген батальон» жарысында бақ сынауда

Құрлық әскерлерінде жалпыәскери және десанттық бөлімшелер арасында оқ ату машығын арттыру, штаттық қару мен қару-жарақтан оқ атулардың жаттығуларын (тапсырмаларын) орындау бойынша үздіктерді анықтау, тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы шебер меңгеруге жауапкершілік сезімдерін ояту мақсатында «Мергендік батальон» сайысы өткізілуде.

Сайыс әр гарнизонның ішінде, бөлімшелерің жылжуынсыз Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу полигондарында (орталықтарында) өткізілуде. Құрамына тәжірибелі әскери қызметшілер кірген төрешілер алқасы екі номинация бойынша сайыс жеңімпаздарын анықтайды. Біріншісі – мотоатқыш, десанттық-шабуылдау, шабуылдау батальондары, теңіз жаяу әскері батальондары арасында және екіншісі – танк батальондары арасында.

Сайыс барысында мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді қоса есептегенде батальондардың жеке құрамына штаттық қару-жарақтан бақылау (оқу) атыстарының жаттығулары мен ауа райының жағдайына қарамастан, кез келген тәулікте жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтер тапсыруға тура келеді.

Өткен жылдың сайыс нәтижелері Құрлық әскерлері бөлімшелерінің атыс машығының, дәл көздеу мен дәл оқ атуда әскери қызметшілердің дағдыларының деңгейі анағұрлым жоғарылағанын растап берді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы