CAS шешіміне сәйкес, Халықаралық биатлоншылар одағы Вишневскаяны IBU асында өткізілетін жарыстарға жіберуге міндетті. Қазақстандық биатлоншы енді барлық ресми жарыстарға қатыса алады.
2018 жылдың қарашасында Галина Вишневская Қазақстан құрамасының өзге сегіз мүшесімен бірге жарыстардан уақытша шеттетілген болатын. Алдын ала шешім Италия мен Австрияда өткен қылмыстық зерттеулерге негізделген. CAS әзірге өз шешімін толығымен түсіндірген жоқ.
Ал тағы бір отандық биатлоншы Дарья Климинаның шағымын CAS қанағаттандырған жоқ.