Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

Уақыт талабына сай жасалған қадам

883 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем экономикалық дағ­дарыстарға, әскери қақтығыс­тар­ға, идеологиялық айырма­шы­лықтарға және халықтар­дың көші-қонына байланысты өт­кір әрі қатерлі оқиғаларды бас­­тан өткеруде. Сондықтан әл­ем­де жанама әсерлердің жағым­сыз салдарын болдырмау және ішкі әлеует есебінен дағдарысты еңсерудің нақты тетіктерін жасау қажеттілігіне байланысты жаңа үрдістер дамып жатыр.

Уақыт талабына сай жасалған қадам

Мен бұл шараларды жаһан­дық ауқымда мұқият зерттеп келемін. Осы орайда Қазақстан Президентінің ұсынысы бо­йынша әзірленген «Нұр Отан» партиясының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасы көңілімді ерекше аударды. Бұл жерде әлемдік қаржы дағдарысының әсеріне қарамастан әлеуметтік мұқтаждықтар үшін Ұлттық қордан көп қаржы бөлу туралы батыл шешім қабылданғанын атап көрсеткім келеді. Соны­мен қатар Қазақстан эконо­микасының дамуы ел тұрғын­дары әл-ауқатының артуымен өлшенетіні маңызды. Яғни, қазақ­стандықтардың табысы мен тұрмысының деңгейі эко­номикалық саясаттың негізгі көрсеткіштеріне айналады.

Жалпы, әлеуметтік саладағы проблемалар барлық елдерде кез­десетінін атап өткім келе­ді. Осы тұрғыда Қазақстан соң­ғы жылдарда өз азаматтары­на көмек пен қолдау көрсету үшін қыруар қаржы бөлуде. Әлеу­меттік қолдау үшін бөлін­ген сомалар көлемі ІЖӨ-ге елеу­лі пайыздық қатынасын біл­ді­реді. Бұл сөзіміз аталған бағ­дар­ламаның мазмұнымен рас­талады. Сонымен бірге Қазақстан Президентінің алға қойған міндеттерін іске асыру­ға қатысты жеке бақылауды күшейте түсетін жаңа тетіктер пайда болды. Бұған қоса, кәсі­би жергілікті басқару, отбасы инс­титутын жүйелі қолдау және қоғаммен кері байланыс жүйесін нығайту мәселелеріне баса назар аударылып отыр.

Иржи ШИМА,
«Азия достары» клубының жетекшісі, шығыстанушы, профессор (Чехия)