Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Тараз қаласында ғасыр жасаған 11 ана бар

1147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ана әлемнің нұры, адам жанының шуағы. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай және «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері қаламыздың 100 жасқа толған тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.

Тараз қаласында ғасыр жасаған 11 ана бар

Бибіжиһан Ғабдуллина, Фатима Алиева, Ольга Бодрова, Бота Тастамбекова секілді ғасыр жасаған аналардың үйіне арнайы барған азаматтар оларға күміс білезік, ұлттық оюлармен көмкерілген камзол мен ақжаулық, тәттілер толы себет пен қызғалдақ гүлдерін тарту етті. Ал, ғасыр жасаған ардақты аналар құттықтап келушілерге алғысын айтып, ақ баталарын берді.

Бүгінгі таңда Тараз қаласында ғасыр  жасаған 11 ана тұрады. Жүз жасқа жетіп отырған аналардың барлығы да осындай марапаттарға ие болуда.

Хамит Есаман,

«Egemen Qazagstan»

Жамбыл облысы