Медицина • 06 Наурыз, 2019

Көпбалалы ана: Өскелең ұрпақты еңбек етуге баулып жүрмін

764 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сегіз баланы дүниеге әкелген көпбалалы ана Шолпан Қалиева кәсіпкерлікте мемлекеттік қолдауды жақсы сезініп отырғанын айтады.

Көпбалалы ана: Өскелең ұрпақты еңбек етуге баулып жүрмін

Кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалардың қолға алынуы аймақтағы кәсіпорындар қатарын арттыруға да үлкен сеп болды. Үлкен демеу барда неге іс бастамасқа деген ой келді. Осылайша 2001 жылы мен де кәсіпкерлік саласын дамытуға ден қоюды жөн көрдім. Осы ретте өз кәсібімді мал шаруашылығы бағытында бастап, кейін мемлекеттік бағдарламалардың көмегіне жүгіндім. 2015 жылы «Құлан» бағдарламасымен 10 млн теңге несие алып, тиісті қаражатқа 36 бас жылқы сатып алдым. Қазіргі таңда шаруашылықтың шаруасы ширап, мал басы да артып келеді. Мұның бәрі үлкен қолдаудың жемісі деп білемін.

Облыста соңғы үш жылды «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жариялаған. Бұл бастама іскер азаматтар мен кәсіпкерлікке ден қойған жандарды қуантып отыр.

Бұл кәсібім өз кезегінде бір жағынан табысқа жетуге алып келсе, келесі кезекте өскелең ұрпақты еңбек етуге баулып жүрмін. Мәңгілік Елдің болашағы бүгінгі жастар екенін ескерсек, оларға әрқайсымыз осындай бір із қалдырып кетуге тиіспіз деп есептеймін дейді ол.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы