Бокс • 06 Наурыз, 2019

Соққысы зілдей боксшылардың бірі – Геннадий Головкин

1204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның Talksport.com сайты бүгінгі таңда кәсіпқой рингте күш сынасып жүрген соққылары зілдей боксшылардың тізімін жариялады.

Соққысы зілдей боксшылардың бірі – Геннадий Головкин

«ТОП-10» боксшы рейтингінде орта салмақта өнер көрсетіп жүрген біздің Геннадий Головкин де бар. Кезінде бірнеше белді нұсқалар бойынша әлемнің чемпионы атанған Қазақстанның былғары қолғап шеберіне бұл тізімде үшінші орын бұйырды. GGG кәсіпқой рингтегі өз жекпе-жектерінің 85 пайызын нокаутпен аяқтаған екен.

Көш басында – Наоя Иноуэ. Аса жеңіл салмақтағы Жапонияның жұлдызының да көрсеткіші – 85 пайыз. Екінші орында – Деонтей Уайлдер. Алыптармен айқасып жүрген АҚШ-тың апайтөсі 95 пайыздық көрсеткішке ие.

«ТОП-10» соққысы зілдей боксшылардың толық тізімі

1. Наоя Иноуэ (аса жеңіл салмақ) – 85%

2. Деонтей Уайлдер (аса ауыр салмақ) – 95%

3. Геннадий Головкин (орта салмақ) – 85%

4. Мұрат Гассиев (бірінші ауыр салмақ) – 68%

5. Давид Лемье (орта салмақ) – 77%

6. Артур Бетербиев (жартылай ауыр салмақ) –100%

7. Энтони Джошуа (аса ауыр салмақ) – 95%

8. Джервонта Дэвис (екінші жартылай жеңіл салмақ) – 95%

9. Дэниэл Дюбуа (аса ауыр салмақ) – 89%

10. Кит Турман (жартылай орта салмақ) – 73%.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»