Медицина • 07 Наурыз, 2019

Жемісті істерге жетелейді

934 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Президент Н.Назарбаевтың әр жылғы Жолдауы – ел күтетін жылдың ірі саяси оқиғасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өткен жыл аяғындағы кезекті Жолдауында «мен әрбір Жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін» деген болатын. Осы ретте «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары мен «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті кыры» және т.б. ұлттық деңгейдегі жобалардың басты мақсаты – халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға, рухани дамуына арналғаны белгілі. 

 

Жемісті істерге жетелейді

Қазір көріп отырғанымыз­дай, ел экономикасы қарқынды дамып келеді. Соңғы 20 жыл ішінде, елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл өз кезегінде көптеген өндіріс орындарын ашуға, халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтуға мүмкіндік берді. Импорт және экспорт операцияларының көлемі өсуде. Әзірге, бізде шикі­зат қоры көбірек шетелге шыға­рылады. Келешекте, тек шикізат емес, өзге де бәсекеге қабілетті қазақстандық тауарларды көптеп шығару басты мақсатымыз. Елбасы Үкімет жиындарында сөйлеген сөздерінде дағдарыс арқылы даму жолына түсуіміз керек екендігін баса айтады. 

Қазақстан Елбасымыздың салиқалы саясатының арқа­сын­да әлемдік дағдарыс әкеле­тін зар­даптардың алдын алды. Яғни, әр салада ғылымның жетіс­­тіктерін пайдаланып, озық тех­нологияларды енгізіп, ең­бек өнімділігін арттыру арқы­лы экономикамызды жаңа дең­гейге көтеру қажеттілігі күн тәр­тібіне қойылып отыр. Бүгінде күні осы мақсатта нақты іс-шаралар атқарылуда. Оның мысалын еліміздің әр аймағынан көруімізге болады. 

Жақында өткен Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжановтың жұртшылық алдындағы жылдық есебінде, өңірдің эконо­мика­лық дамуының барлық көрсет­кіштерінің оң динамикасы атап өтілді. Атап айтсақ, облыста 2,9 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, оның нақты көлемі республикада өндірілген өнімнің 11 пайызын құрады. Бұл өңірлер арасындағы екін­ші көрсеткіш. Экспортқа ба­ғы­т­талған индустрияландыру мәселесі экономикалық сая­саттың негізгі элементі болу­ға тиістігі Жолдауда баса ай­т­ыл­ған болатын. Сондықтан өнеркәсіп саласындағы өңдеу секторының дамуына екпін берілуде. Өңдеуші сектор бо­йынша өндіріс 12 пайызға өсті. Елбасы шешімімен бұл салаға алдағы үш жылда қосымша 500 млрд теңге бөлінгелі отыр. Бұл экспорттық серпінді жобаларды іске асыруға зор мүмкіндік береді деген сөз.

Жолдауда айтылған келесі бір маңызды мәселе – еңбек нарығында орта және шағын бизнесті дамыту болса, бұл сала 108,7 пайызды құрады. 35328 жаңа жұмыс орны құ­рылды. Нә­­ти­­жесінде, жалпы жұмыс­сыз­­дық деңгейі 4,8%-ға дейін, жас­­тар жұмыссыздығы 3,1%-ға дейін төмендеді. Тұр­ғын үй құ­рылысына серпін бе­ріп отырған «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасы Маңғыстау облысында табыс­ты іске асуда. Өткен жылы 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пай­далануға бе­рілді. Бұл респуб­ли­ка бойынша үшінші көрсеткіш екенін айта кеткен жөн.

Өңірге инвестиция тарту – Елбасымыз алға қойған басты міндеттердің бірі. Егер өткен жылы жалпы сомасы 16 млрд теңге болатын 24 жо­ба іске қосылған болса, осы жыл­ға 66 млрд теңгеге тағы 23 жоба жоспарланған. Облыста бір жылдың ішінде 15 жылы­жай іске қосылып, жалпы са­ны 42-ге жетті. Маңғыстау өңірі ауыл шаруашылығын дамы­туға қолайсыз екені белгілі. Деген­мен, бұл саланы дамы­ту­ға мүмкін­діктер де аз емес. Мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдіктер ұсыну арқылы бұл салаға нақ­ты қолдау көрсетілу­де. Биыл ауыл шаруашы­лығы саласына инвестиция­лық құны 2 млрд теңгеге 4 ірі жоба жоспарланған. Олардың іске асуы Маңғыстау өңірін көкөніспен 25 пайызға, құс етімен 50 пайызға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мем­лекет басшысының тапсырма­сы бойынша «Нұр Отан» пар­тия­сының қамқорлығымен көп ба­лалы аз қамтылған отбасыларды, мүгедектер мен жетім балаларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасын іске асыру бағытында нақты шешімдер қабылданды. Бүгінгі таңда өңірде 28 млрд теңге сомасында халықтың әлеумет­тік осал топтарына мемлекет­тік қолдау көрсету көзделуде. Бұл салада атқарылар істер ауқы­мы аз емес. Ел экономи­касын одан әрі дамыту, ха­лықтың әлеуметтік тұрмыс жағ­дайын көтеру, қабылданған бағдар­ла­ма­лардың жүзеге асырылуын талдау мәселелері кеңі­нен қара­лады деп күтілуде.

Халыққа Жолдауында алдағы атқарылар істердің шеңберін айқындап берген Елбасы, бүкіл халық болып күш-жігерді ор­тақ мақсатқа біріктіруге шақыр­ды. Демек, Қазақстан хал­қы Елбасының төңірегіне бұрын­ғы­дан да берік топтасып, жетіс­тіктерге жете береді.

Зейнолла АЛШЫМБАЕВ,

 қоғам қайраткері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы

Маңғыстау облысы