Қазақстан • 08 Наурыз, 2019

Түркістан: Шегірткеге қарсы күрес 83 мыңнан астам гектарға жүргізілмек

937 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Биыл Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шараларын 83 мыңнан  астам гектарға жүргізу жоспарланып отыр.

Түркістан: Шегірткеге қарсы күрес 83 мыңнан астам гектарға жүргізілмек

Шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуге аудандар бойынша 15 топ құрылып, 33 инспектор және 17 автокөлік бөлінген. Сонымен қатар, 1189,8 мың гектар алқапта анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оған «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Түркістан облыстық филиалынан 90 штаттық маман мен анықтаушы және 44 қызметтік автокөлік бөлінген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Нұржан Құттыбекұлының мәлімдеуінше, аудан әкімдіктері тарапынан қосымша 185 анықтаушы жұмылдырылып, 47 жұмыс тобы құрылған. Сондай-ақ 28 су тасушы техника және пестицидтерді ерітуге қажетті 73 су көздері дайындалмақ. Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жоспары жасалып, нақты істер қолға алынған.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы.