Қазақстан • 11 Наурыз, 2019

Қостанайда таңертеңгі көктайғақтан алпыстан астам адам зардап шекті

870 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай өңірінде түнде жаңбыр жауып, таң алдында ауа температурасының төмендеуінен көктайғақ болды. Табиғаттың бұл құбылысы көпке созылмаса да, таңертең 60 шақты адам зардап шеккен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең Қостанай қалалық аурухананың жарақат таңу бекетіне елуден астам адам көмек сұрап барған. Оның ішінде 14 адам ауруханаға жатқызылған.

Қостанайда таңертеңгі көктайғақтан алпыстан астам адам зардап шекті

Сонымен қатар Таран ауданында көктайғақтан құлаған 2 адам, Меңдіғара ауданында 2 адам, Арқалық қаласында екі адам медициналық көмек алған.

Көктемнің алтынкүрек желі түске дейін-ақ жұқалтаң қатқан мұзды да, қар көбесін де сөгіп, ерітіп жіберді. Ал зардап шеккен, қабырғасын, қолын сындырып алған адамдар жер қарайғанша емделетін болар...

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай