Экономика • 12 Наурыз, 2019

Руслан Дәленов: Ішкі жалпы өнімнің өсуі 3,5% жылдамдады

881 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 2 айдың қорытындысы бойынша, ішкі жалпы өнім серпіні жылдамдады. Инфляция нысаналы дәлізде сақталып отыр. Инвестициялар қайта өсе бастады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Руслан Дәленов: Ішкі жалпы өнімнің өсуі 3,5% жылдамдады

«Ішкі жалпы өнімнің өсуі 3,5% жылдамдады. Қаңтарда ол 2,9% құраған болатын. Мұндай серпін тауарлар өндірісінің өсуімен, сондай-ақ қызмет көрсету секторының өсуімен қамтамасыз етілді. Олардың жалпы ішкі өнімнің өсіміне салымы сәйкесінше 0,91 және 2,19 проценттік тармақты құрады» деді Р.Дәленов.

Министрдің айтуынша, инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде сақталды. Жылдың басынан бері ол 0,8%, ал жылдық мәнде – 4,8% құрады.

«Инвестициялар серпінінде өзгеріс болды. Егер ол өткен айда төмендесе, есепті кезеңде олардың өсуі 4,2% құрады. Өсу машиналар мен жабдықтарды сатып алумен, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының компрессорлық станциясының құрылысымен байланысты» деді Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ ол 2019 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 88,8 млрд АҚШ долларын құрағанын айтып өтті. Оның ішінде алтын-валюта резервтері 30,6 млрд АҚШ доллары. Ал Ұлттық қордың активтері 58,2 млрд АҚШ доллары болды.