12 Наурыз, 2019

А.Мамин: Елбасының барлық бастамалары толық жүзеге асырылатын болады

914 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019–2023 жылдарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджет болжамы нақтыланды. Негізі макрокөрсеткіштер мен бюджеттік параметрлердің болжамдары туралы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов және ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

 А.Мамин: Елбасының барлық бастамалары толық жүзеге асырылатын болады

Премьер-Министр ұсынылып отырған өзгерістерді енгізу халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік бастамаларын іске асырумен байланысты екенін атап өтті.

«Президенттің барлық бастамаларына толық көлемде қаржы бөлініп, жүзеге асырылатын болады» деп Асқар Мамин, алға қойылған міндеттердің уақытылы орындалуын, нәтижелі және сапасының жоғары болу қажеттігін айтты.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша, тиісті мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіпте заң жобаларын  Парламент қарауына енгізу тапсырылды.