Үкімет Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамаларын іске асыруға қажетті бюджетті нақтылады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2019–2023 жылдарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджет болжамын нақтылау мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Егемен Қазақстан
12.03.2019 542
2

Негізі макрокөрсеткіштер мен бюджеттік параметрлердің болжамдары туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә. Смайылов және Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады.

Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, 2019 жылға арналған макрокөрсеткіштердің болжамын нақтылаудың негізгі факторлары — 2018 жылға Жалпы ішкі өнім дерегінің жариялануы, тау-кен өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторының өсу қарқынының өзгерісі.

«2018 жылы ЖІӨ көлемі 58,8 трлн теңгені құрады. Бұл 2019 жылды бағалау үшін жақсы база болып саналады. 2018 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 1,4 млн тоннаға немесе 1,5%-ға төмендейді. Бұл тау-кен өнеркәсібінің төменірек өсу қарқынын қалыптастырады. Алайда қызмет көрсету секторы бойынша неғұрлым жоғары өсім күтіліп отыр. Қызмет көрсету секторы өсімінің негізі – ішкі сұраныстың ұлғаюы», — деп мәлімдеді Р. Дәленов.

Сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, Болжам аясында 2019 жылға арналған базалық параметрлер бұрын мақұлданған деңгейде сақталды:

  • мұнай бағасы — бір барреліне $55;
  • теңге бағамы — бір АҚШ доллары үшін 370 теңге;
  • жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі — 4-6%.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде Елбасының жаңа әлеуметтік бастамаларын іске асыруды, сонымен қатар Қазақстан халқына арналған Жолдауды және «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берілген тапсырмаларды орындауды қаржылық қамсыздандыру үшін 2019 жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә. Смайылов нақтыланған республикалық бюджеттің жобасы әзірленгенін айтты.

«Алда тұрған басты мақсаттардың бірі – біріншіден, ол осы нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын Парламентке енгізу және оның қабылдануын қамтамасыз ету. Екіншіден, нақтыланған бюджетте көзделген төлемдердің уақытында алушыларға жетуін қамтамасыз ету үшін, барлық бюджеттік процедураларды тез арада өткізу. Үшіншіден, бюджет кірістерінің толық орындалуын қадағалау және бюджет қаражатының атқарылуына онлайн-мониторингті жалғастыру», — деді Ә. Смайылов.

Нақтыланған бюджет жобасы қаражаттардың 3 бағыт бойынша бөлінуін қарастырады.

Біріншісі. Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде атаған «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жалпы сомасы 444,3 млрд тг іске асыру.

«Аталған қаражаттар аясында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдауды күшейту көзделген, оның ішінде төмен жалақы алатын жұмысшылардың еңбек ақысын, мүгедектігі бойынша жәрдемақыларды ұлғайту, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау параметрлерін өзгерту, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға жалдамалы тұрғын үй салу және ҚТҚЖБ арқылы жеңілдікті несиелендіруді енгізу, сондай-ақ өңірлік инфрақұрылым мен "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасын дамыту», — деді Ә. Смайылов.

Екіншісі. «Жастар жылын» өткізу аясында іс-шараларды іске асыру — 24,6 млрд тг.

Үшіншісі. Президенттің 2017 және 2018 жылдардағы жолдауларда айтылған тапсырмаларын орындау — 286 млрд тг.

Қаржы министрі аталған қаражаттар аясында Түркістан облысын және Астана қаласын дамытудың кешенді жоспарларын іске асыру, Астанада Ғылыми-онкологиялық орталық, «Сарыарқа» газ құбырын салу, сондай-ақ, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты іс-шараларды іске асыру көзделгенін атап өтті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Қызды құтқарам деп суға кеткен Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады

23.03.2019

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болып, 47 адам қаза тапқан

23.03.2019

Еуроодақ Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

23.03.2019

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

23.03.2019

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша әлем кубогінің финалына өтті

23.03.2019

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

23.03.2019

Қостанайдағы «Бастаңғы»  көп мәселе көтерді

23.03.2019

«Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті

23.03.2019

AIBA президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

23.03.2019

Маңғыстауда наурыз мерекесін атап өтуге жағалауға 100 мың адам жиналған

23.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

23.03.2019

Анкарада Наурыз мерекесі тойланды

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу