Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларына 444,3 млрд теңге бағытталатын болады – Ә.Смаилов

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Президентінің «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамаларын іске асыру аясында қарастырылған қосымша бюджет қаражаты қандай мақсаттарға бағытталатынын айтып берді.

Егемен Қазақстан
12.03.2019 566
2

Ә. Смайыловтың айтуынша, нақтыланған бюджет бойынша қаржыландыру сәуір айында басталады.

«Біз бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамалары бойынша сөйлеген сөзінде берген  барлық тапсырмаларына, сондай-ақ бұрынғы жолдаулары аясында сәйкес 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын мақұлдадық. Тиісті қаржыландыруды біз бюджет жобасында қарастырамыз, бүгін кешке ол ҚР Парламент Мәжілісінің қарауына енгізіледі, біз депутаттармен бірлесіп бұл жұмысты 4 сәуірде аяқтауды көздеп отырмыз», — деді Ә.Смайылов.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі жыл сайын тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін қосымша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 6 мың пәтерді іске асыру үшін 50 млрд теңгеден бөлу жоспарланып отырғанын хабарлады. Қазіргі таңда бұл кезекте тұрғын үйге мұқтаж 28,1 мың көп балалы отбасы тұр.

«Біздің бюджет әлеуметтік болып табылады, ол бүгін немесе кеше мұндай болған жоқ. Соңғы жылдары біздің шығындарымыздың басым бөлігі, атап айтқанда, республикалық бюджеттің басым бөлігі осы әлеуметтік салаға бағытталуда. Биыл бізде қабылданған бюджетте 4,8 трлн теңге немесе бюджеттің 45% әлеуметтік салаға қарастырылған, оның ішінде әлеуметтік қамту мен әлеуметтік көмек көрсетуге 3 трлн тг, денсаулық сақтауға – 1 трлн 117 млрд тг, білім беруге – 583 млрд тг, мәдениет пен спортқа – 78 млрд тг», — деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар, республикалық бюджетті нақтылау аясында қосымша қаражат «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларына бағытталатын болады, Мемлекет басшысы осы бойынша нақты тапсырмалар жүктеген. 2019 жылы барлығы 444,3  млрд тг бағытталатын болады.

«Бұл қаражат аясында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейтуге 224 млрд тг бағыттау жоспарланған, аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін  50 млрд тг бағытталатын болады, ТҚЖБ арқылы жеңілдікпен несиелендіруге – 50 млрд тг, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 90 млрд тг, «Ауыл – Ел бесiгi» арнайы жобасын іске асыруға – 30 млрд тг жұмсалады», — деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар, жастар жылын өткізуге 24,6 млрд тг бағытталса, 2017 және 2018 жылдардағы Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыруға 286 млрд тг жұмсалатын болады.

«Әлеуметтік қолдауға бағытталған 224 млрд теңгеге келсек, 2019 жылы тек атаулы әлеуметтік көмек үшін  49,6 млрд тг, 2020 жылы – 115 млрд тг, 2021 жылы – 108 млрд теңге жұмсалады. Мүгедектігі бойынша жәрдемақыны арттыруға - биыл 5 млрд теңге,  2020 жылы – 13,8 млрд тг, 2021 жылы – 14, 9 млрд теңге бағытталады. Бюджет саласындағы төмен жалақы алатын жұмыскерлердің еңбекақысын көтеруге биыл 169,7 млрд тг,  2020 жылы – 397 млрд тг, 2021 жылы – 410 млрд тг көзделген», — деп түйіндеді Ә. Смайылов.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

26.03.2019

2019 жылғы қаңтарда елімізде 80711 жеңіл автомобиль тіркелген

26.03.2019

Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті Кеңесшілер Палатасының Спикерімен кездесті

26.03.2019

Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кеткенін мәлімдеді

26.03.2019

Алматылық жастар астана атауын өзгертуге қолдау білдірді

26.03.2019

Үкімет пен Ұлттық Банк интернет-займдар бойынша маржаны шектеуді жоспарлайды

26.03.2019

Елорда жаһандық индексте қалай жоғарылады?

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

26.03.2019

Р. Дәленов көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жаңа шаралар туралы айтып берді

26.03.2019

Бақыт Сұлтанов автобус апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

26.03.2019

Қарағандылық спортшылар екі Әлем кубогын ұтып алды

26.03.2019

Оңдасын Оразалин Әйтеке би және Хромтау аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

26.03.2019

Мүлдем жауапкершілік жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Орталық стадионның жағдайы туралы

26.03.2019

Қарағанды көмірінен жасалған әшекейлер Мәскеудегі Халықаралық байқауда көрсетіледі

26.03.2019

Нидерландтың Девентер қаласында Қазақстанның Құрметті Консулдығы ашылды

26.03.2019

​Лондонда Наурыз мерекесі аталып өтті

26.03.2019

Жастар елорда атауының өзгеруіне байланысты үндеу жариялады

26.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

26.03.2019

Ақсу энергетиктері 600 млрд кВт-сағат электр энергиясын өндірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу