Спорт • 12 Наурыз, 2019

Спорттық гимнастика: Бакудегі лицензиялық әлем кубогі кезеңіне кімдер қатысады?

1318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде өтетін әлем кубогі қарсаңында оқу-жаттығу жиындарын өткізді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Спорттық гимнастика: Бакудегі лицензиялық әлем кубогі кезеңіне кімдер қатысады?

3-12 наурыз аралығында өткен жаттығу жиынына Милад Карими, Аким Мусаев, Нариман Курбанов, Ербол Жантықов, Дмитрий Патаниндер қатысты. 

Ал Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия тарататын Бакудегі кубоктік дода 14-17 наурыз аралығында өтеді. Жарыс ережесі бойынша әрбір гимнастикалық снарядта бір елден екі спортшы бақ сынайды. 

Бакудегі әлем кубогі кезеңінде төмендегі спортшылар бақ сынайды:

Еркін жаттығу: М. Карими, Д. Патанин

Ат снарядындағы жаттығу: Н. Курбанов, А. Мусаев

Шығыршық: Д. Патанин

Қол тіреп секіру: Д. Патанин, М. Карими

Қоссырық: Е. Жантықов, М. Карими

Гимнастикалық керме: Е. Жантықов, М. Карими

Бас бапкер: Александр Ким. 

Әлем кубогі кезеңіне спорттық гимнастикадағы үздік спортшылар түгелдей дерлік қатысады.