Қазақстан • 12 Наурыз, 2019

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жаңа басшы келді

1246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жаңа басшы келді

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының 2019 жылғы 11 наурыздағы №20-Ж бұйрығымен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне Абайдуллаев Мақсат Серікболұлы тағайындалды.

М.Абайдуллаев 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмәмдады.

2017 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп, экономика және бизнес магистрі дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолын 2014 жылы Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасының бас инспекторы болып бастаған.

2015 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облысының ветеринариялық бақылау басқармасының бас инспекторы қызметін атқарды.

2016 жылдың мамыр айынан бастап 2018 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы қызметін атқарды.

2018 жылдың ақпан айынан осы уақытқа дейін «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ директорының орынбасары қызметін атқарды.