Аймақтар • 12 Наурыз, 2019

Петропавлда бал жәрмеңкесі басталды

1090 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

17 наурызға дейін жалғасатын жәрмеңкеде Ресейден жеткізілген балдың отызға жуық түрі солтүстікқазақстандықтарға ұсынылған.

Петропавлда бал жәрмеңкесі басталды

Олардың арасында Калашников омарташылығының өнімдері жоғары сұранысқа ие.

«Осымен бесінші рет өткізіліп жатқан жәрмеңкеге арнайы қатысып отырмыз. Балды Ресейдің түрлі аймақтарынан жинаймыз. Омарташылықпен Башқұрстан мен Қиыр Шығыста көптеп айналысады. Сонымен қатар Қырғызстаннан әкелінген балдың бірнеше түрі бар», дейді  сатушы Оксана Кравченко.

Кез келген балды шаймен ішуге де, емдік мақсатқа да пайдалануға  болады.Мәселен, соңғы санатқа ара желімі, тозаң мен балқарағай шайыры қосылған бал жатады. Созылмалы дерттерге де– мың бір шипа.Теріскей тұрғындары жөке және қарақұмық балын көптер сатып алады екен. Балдың бұл түрлері де  емдік қасиеттерге бай. Әрбір балға сипаттама беріліп, қандай ауруға көмек болатыны жазылып қойылғандықтан, таңдаудан жаңылыса қоймайды. Гипертонияға шалдыққандар үшін канн балы, асқазан-ішек ауруларына джантак балы өте пайдалы көрінеді. Сонымен қатар көздің көруі мен құлақтың есту қабілетін де жақсартады. Ал, ара желімі қосылған тау балы нағыз әмбебап өнім саналады Сары қараған балы қан құрамындағы глюкоза деңгейін бірқалыпты ұстап тұруға септеседі.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы