Қазақстан • 13 Наурыз, 2019

Танымдық дәрістердің маңызы зор

1271 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қоғамға үлкен ой тастап, рухымызды оятты. Өйткені онда әлем өркениетінде өзіндік орнын алуға ұмтылған Қазақстанның ұлы мұраттарын жүзеге асыруды көздеген заманауи ұсыныстарға толы өзекті мәселелер қозғалып отыр. 

Танымдық дәрістердің маңызы зор

Осы мақала арқылы түп-тамыры­мыз­ды тану, тарихымызды терең зерделеу, ұлы тұлғаларымызды ұлықтау ба­ғы­тында білім беру жүйесінің алдына да үлкен мақсат-міндеттер қойылған. «Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады», – деп атап айтты Президент Елбасы атап көрсеткендей, «Өз тарихыңа деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан бас­тау алуы тиіс. Мектептер мен барлық өңірдегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды». Осы орайда Президенттің бастамасымен мектеп бағдарламасына енгізілген «Өлкетану» курстарының маңызы зор. Бұл игілікті іс, жаңа бастама осы мақалаға келер жолдағы ұтымды қадам­дардың бірі екені анық. 

Қашанда жаңа бастамалардың ал­дын­да маңызды мәселелер тұратыны бел­гілі. Сол мәселелердің шешімін табу мақсатында инс­титут қабырғасында «Өл­ке­тану» кур­с­ын жүргізетін мұғалім­дер­­­дің білік­тілі­гін арттыру бағытында курс­тар ұйым­дасты­рылуда. Мұғалімдер­ге «Өлке­тану» кур­сы­ның мақсат-міндет­тері, маңыз­ды­лығы, жас­өспірімдерге берер тәлім-тәр­биесі жөнін­де дәрістер оқы­лып, көшпелі-тә­жі­ри­белік сабақтарда тәжі­рибе алмасу мүм­кін­­діктері ұсынылады. Елі­міз­дің бола­шағы – жас ұрпақты даңқты батыр­­л­а­ры­­­мызды, ойшылдарымыз бен ел би­­­леу­­­ші­­­лері­мізді тануға, Отанын сүю­ге үн­­деп, өз елінің патриоты болып қалып­­т­а­суы­­на септігін тигізуде үлкен рөл ат­қа­рат­ын құнды дүниеге құрметпен қарауға үй­ретеді.

Ұлы дала халқы Әбу Насыр әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай сынды тұлғаларды пір тұтқаны айтылған. Бұған орай, Елбасы тарихта ойып тұрып орын алатын адамдар құрметіне «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуды ұсынды. Бұл оқу-ағарту саябағын Ұлы даланың әр өңіріндегі ұлы есімдер құрайды. Сондықтан әр адам өз өңіріндегі тұлғаларды, өлкесінің тарихын танып білуі тиіс. Алдағы уақытта институттың Баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінің жоспарына сай, Сарайшық қаласының орнына, Шыңғырлау ауданы жеріндегі Сарқырамаға, археология­лық қазба жұмыстары негізінде «Алтын адам» табылған жерге саяхат жасау, қа­сиетті «Дәдем ата» кесенесіне зиярат ету жоспарланып отыр. «Ұстаздар ұста­хана­сына» айналған институтымыз педагогтар біліктілігін арттыру курстарында мақа­лада ұсынылған жобалар бо­йынша дәрістер оқуды қолға алды.

Сонымен бірге мақала оқыған адамға өт­кеніңді ұмытпау, одан сабақ алу, қолда бар­ды қадірлеу керектігі жөнінде ой сала­ды. Бұл ретте институтымызда жыл са­й­ын дәстүрлі түрде «Біліктілермен бір күн» атты кездесу ұйымдастыру жолға қо­йыл­­ған. Осы орайда аға ұрпақ ардагер­лер­ден өнеге, олардың озық еңбек үлгі­ле­рі мен өмірлік тәжірибелерінен, жеке тұл­­ға­­лық адами қасиеттерінен сабақ алу – бү­гінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазы­на. Көп жыл бойы қызмет атқарған зей­нет де­ма­лысындағы ардагерлерді дә­ріп­теу, олар­мен институтқа келген жас ма­ма­н­дар­дың танысып, тәжірибе ал­ма­суы үшін дәнекер болу – жылдағы қа­лып­тасқан дәстүр. «Мәдени мұра» бағ­дар­ламасы ая­сын­да институт жанынан ашыл­ған педа­гогикалық музейде об­лыстық білім саласында қызмет істеген үз­дік педагогтар, ардагер ұстаздар туралы құн­ды дүниелер жасақталған. Музей қо­ры жыл сайын жаңа жәдігерлермен толық­ты­рылып отырады. Музейді курс тыңдау­шы­лары және институт қонақтары тамашалайды. 

Мақалада Елбасымыз ұсынған әр жоба маңыз­дылығымен құнды, тәуел­сіз Қазақ­станның азаматы ретінде осы жобаларға үн қосуымыз керек. Соның ішінде «Дала фольк­л­оры мен музыкасының мың жылы» жо­басында «Ұлы дала мұра­гер­лерінің өт­кен мыңжылдықтағы халық ауыз әде­биетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпос­тары жинақталады», делінген. Осы аңыз-әфсаналар, ерлікті, елдікті, бірлікті ту еткен жыраулар поэзиясы, қиссалар мен дастандар арқылы бүгінгі ұрпақ ана тіліміздің қайнарынан қанып ішіп, ондағы айшықты сөз оралымдарынан, кестелі сөз өрнектерінен ана тілінің, мемлекеттік тіліміздің маңыздылығын, өзіндік ерекшелігін біліп, сезініп өседі. Ал бабаларымыздың аманаты – тарих қойнауынан сыр шертіп, салт-дәс­түрі­мізді, ұлттық ерекшелігімізді үй­реткен тілімізді дамыту, мемлекеттік тіл ретінде әлемдік деңгейге көтеру – аза­маттық ұстанымымыз. Осы тұрғыда латын әліпбиіне көшуге байланысты жұ­мыс­тар жүйелі жүргізіліп, кестеге сай жүзеге асырылып келеді және оған бар­лық ұжым мүшелері өз үлестерін қосуда.

Софья ІЗМҰХАНБЕТОВА,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры

ОРАЛ