Спорт • 13 Наурыз, 2019

Беделі зор спортшылар

1103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың әйгілі ESPN арнасы бүгінгі таңдағы әлемдегі ең беделді спортшылардың рейтингін жария етті.

Беделі зор спортшылар

Үздіктер тізімінде Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин де бар. Белді нұсқалар бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы айтулы рейтингте 78 сатыға жайғасқан екен. Ал беделі зор спортшылар көшін атақты футболшы, Португалия құрамасы мен Италияның «Ювентус» клубының сұрмергені Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орында – америкалық баскетболшы ЛеБрон Джеймс. Үшінші сатыға Испанияның «Барселонасының» жұлдызы, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси табан тіреді.

Сонымен қатар, «ТОП-10» спортшының қатарына Неймар (Бразилия, футбол), Конор Макгрегор (Ирландия, ММА), Роджер Федерер (Швейцария, теннис), Вират Кохли (Үндістан, крикет), Рафаэль Надаль (Испания, теннис), Стефен Карри (АҚШ, баскетбол) және Тайгер Вудс (АҚШ, гольф) сынды саңлақтар енген екен.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»