Ғаламдық байқауда топ жарған жас ғалым                        

  Жуырда Шу ауданындағы Жібек жолы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Балнұр Жаңқабай Оңтүстік Корея мемлекетінің Тэджон қаласында өткен «Жас ғалым» ғылыми байқауынан жүлделі оралды.

Егемен Қазақстан
13.03.2019 558
2

Бәсі биік бәсекеге 35 мемлекеттен жас ғалымдар қатысқан. Жас ғалым бұған дейін «Жасанды интеллектің масс-медиаға ықпалы» атты өзінің ғылыми жобасын конкурстың іріктеу турларына ұсынған. Сөйтіп, аудандық, облыстық және республикалық деңгейде үздік деп танылған жас зерттеушінің еңбегі халықаралық байқауға жолданған болатын. 

Балнұр Жаңқабай өткен жылы Тараз қаласында өткен оқушылар арасындағы Президенттік олимпиадаға қатысып, жүлделі болған еді. Сонымен қатар,  республикалық «Ақбота»,  халықаралық «Золотое Руно» мен «Русский медвежонок» сынды байқауларда да жүлдегер атанған. Ал жас ғалымның «Ұлы Дала дарыны» атты республикалық ғылыми жоба байқауында «Үздік ғылыми жоба» номинациясын иеленуі оның айтулы жетістіктерінің бірінен саналады.

Бір ғажабы, Балнұр Жаңқабай ғылыми жобасын түгелдей ағылшын тілінде жазып шығыпты. Журналист болуды армандаған жас ғалым  аталған сайысқа қатысатын кезде де ғылыми жобасының тақырыбын журналистика саласына байланысты таңдапты. «Өйткені «Жасанды интеллектің масс-медиаға ықпалы» деген тақырып қазіргі кезде ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Ғылыми жетекшім Нина Кобец. Жұмысты өткен жылдың шілде айында бастаған болатынбыз», дейді Балнұр Жаңқабай.

Әлемдік байқауға атақты Гарвард университетінің және Кореяның белді ғалымдары қазылық жасапты. Шу ауданынан барып, жеңіске қол жеткізген оқушыға Оңтүстік Кореядағы кез келген медициналық академияларға 50 пайыздық жеңілдікпен грант беріледі екен. Сонымен қатар, жас ғалымның Қазақстандағы медициналық академияда да қалаған мамандығы бойынша грант негізінде оқуға мүмкіндігі бар. Бірақ байқауда қола жүлдеге қол жеткізген Балнұрға еліміздегі Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтынан ұсыныс түсіпті. Енді шетел емес, өз елімізде білімін жалғастыруға ниеттенген жас ғалым жуық арада аталған білім ордасына құжаттарын тапсыратынын айтты.

Хамит Есаман,

«Egemen Qazaqstan»

Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Қызды құтқарам деп суға кеткен Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады

23.03.2019

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болып, 47 адам қаза тапқан

23.03.2019

Еуроодақ Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

23.03.2019

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

23.03.2019

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша әлем кубогінің финалына өтті

23.03.2019

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

23.03.2019

Қостанайдағы «Бастаңғы»  көп мәселе көтерді

23.03.2019

«Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті

23.03.2019

AIBA президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

23.03.2019

Маңғыстауда наурыз мерекесін атап өтуге жағалауға 100 мың адам жиналған

23.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

23.03.2019

Анкарада Наурыз мерекесі тойланды

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу