Аймақтар • 13 Наурыз, 2019

Бір айда сақтандыру қорына 244,8 млн теңге жарна түсті

1101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев ақпан айында медициналық сақтандыру қорына 244,8 млн. теңге жарна түскендігін айтты деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Осы жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 4,16 млрд. теңгеге жеткен екен.

Оның 4,0 млрд теңгесі (шамамен 96,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 159,2 млн. теңге (3,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

                     

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

 Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше