Бокс • 13 Наурыз, 2019

АҚШ-та айқасатын боксшылар анықталды

1044 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Изим Избаки кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін 13 сәуірде АҚШ-тың Атлантик Сити қаласында өткізеді. Ол 37 жастағы жергілікті спортшы Нико Кларкпен күш сынасады. 

АҚШ-та айқасатын боксшылар анықталды

Жерлесіміз 1994 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында туып-өсті. Бұған дейін ол жекпе-жек өнерінің бірнеше түрі бойынша түрлі халықаралық жарыстарда жүлде алды. Кикбокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері.  Кәсіпқой рингке алғаш рет былтырғы жылдың соңында көтеріліп, Эстонияның астанасы – Таллинде өткен бокс кешінде беларуссиялық Олег Заблоцкиді екінші раунда ұрып жықты.   

Ал Атлантик Ситидегі жарыстың басты жекпе-жегі осы күнге дейін жеңілістің кермет дәмін татпаған қос боксшы – америкалық Кларесса Шилдс пен германиялық Кристина Хаммер қолғап түйістіреді. 23 жастағы АҚШ өкілінің екі дүркін Олимпиада және әлем чемпиондары деген атақтары бар. Панамерика ойындарының жеңімпазы. Кәсіпқойлар арасында Шилдс 8 кездесу өткізді. 2 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Америкалықтың қарсыласы – Қазақстанның тумасы. Тоқсаныншы жылдардың басында ата-анасымен Германияға қоныс аударған 28 жастағы Хаммер 24 жекпе-жек өткізіп, 11 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Жоғарыда есімдері аталған атақты қос босшы орта салмақ дәрежесі бойынша абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласады.     

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»