Жыр көктемі жүрегімде ерте өніп

Аппақ қар – кіршіксіз көңіл көрінісі. Мамық ұлпада манаураған тіршілік тыныстағандай пәк тазалықтың лебі еседі. Дүние перизат-музаның ақ шәлісіне оранып жатыр. Ақын Марфуға Арқаның алтын тәжіндей Астана шаһарына алғаш келгенде осынау ақ қар жапалақтап тұрды.  Ақындардың ақзер әлемді аппақ қар кейпінде суреттеуі бұрыннан бар тәсіл. Бірақ әрқайсысының өзіндік өлең өрнегі басқа. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға редакциямызға арнайы келген аққу ақын – Марфуға-жырдың ақ ұлпа сезіміндей нәзік өлеңдерінің жаңа топтамасын ұсынып отырмыз. Ақындар айтпақшы: көктем күнтізбеге келгенмен, көшеге, көңілге келген жоқ...  

Егемен Қазақстан
14.03.2019 593
2

Астананың ақ қары

Қандай ғажап
Астананың ақ қары, 
Астанамыз – 
бүкіл қазақ мақтаны.
Үскірігі ақ боранмен алысып,
Ерекше екен арай таңның атқаны.

Қандай ғажап
Астананың ақ қары,
Ақша бұлтпен өрнектелген аспаны.
Бұрқақтаған қалың қарға оранып,
Қыдырып жүр аяз өпкен жастары.

Қандай ғажап
Астананың ақ қары,
Ой салады алау күннің батқаны.
Əппақ қарды бүркеніпті көрінбей,
Сұлу гүлдер көз тартатын бақтағы.

Қандай ғажап 
Астананың ақ қары,
Кең даланың əппақ болып жатқаны.
Сағыныш па, көз алдымда Алматым,
Алатаудың қарлы шыңдар, шатқалы!

Қандай ғажап – Астананың ақ қары,
Саф дүние, қаңтар солай баптады.
Көкірегімді көміп кетті осы сəт,
Жастығымның арманда өткен шақ­та­ры...
Қандай ғажап
Астананың ақ қары,
Астанамыз бүкіл қазақ мақтаны!
Шыңылтыр аяз ақ боранмен алысып, 
Ерекше екен арай таңның атқаны!

Күміс қар

Астанаға жауып қалды күміс қар,
Күміс қарда бір ерекше тыныс бар.
Көңілсіз күй мазаны ала береді,
Көңіл қашан тыныштар.
Астананың кеші нұрға оранған,
Ата-бабам аңсап кеткен мол арман.
Іргесі нық, кереге кең керілген,
Қалған мұра солардан.

Астанадан аңғарылар мықтылық,
Астананы орнатқан ел тік тұрып,
Төрт құбыланың бəріне де бұл шақта,
Татулықты ұқтырып.

Толқындары толастамай Есілдің,
Буырқанып сен де кеңге көсілдің!
Тұнығыңды шайқап кеткен кездердің,
Бəрін дағы кешірдің.

Астананың орнықтырған іргесін,
Қашан дағы қазағыңмен біргесің.
Кең даланы, ел дананы ойлаған,
Асып жатыр
Бір кешіңнен – бір кешің.

Күміс қарда балаларын ойнатып,
Күміс қардан ақ қаланы орнатып.
Қала жұрты мəз болып жүр бұл кеште,
Осы сәт те – бір бақыт!

Күн шықты алауланып

Күн шықты Астанада алауланып,
Кісінің көзі ұялар қарауға анық.
Қарайды қар астынан шыққан күнге,
Шаштары ақ қайыңның тарамдалып.

Бұл жақтың қысы емес биыл қатты,
Ел үшін жайлы қыс та, демек, сəтті.
Орнаған қардан қала ертедегі,
Ерекше көз алдымда елес жатты...

Қалаға нұр сəулесін төгілдіріп,
Келгендей бір ғажайып көңілділік.
Айбынды Астанамыз күн астында,
Көңілден арылғандай не бір күдік.

Бұталар жарқыратып күміс шығын,
Бұзбайды шәрдің ешкім тыныштығын.
Астана нұр жамылған, жыр жамылған,
Керемет кеңейгендей тыныс бүгін.

Бойлатып көк аспанға бəйтерегін,
Бұл шақта алыптарға бой теңедің.
Бастарын бар əлемнің қосып жатқан,
Болмаса Астанамыз қайтер едің!

Бұл да бір ата-баба арманы еді, 
Арманын ер ұлдары, жалғады елі.
Ағысы арындаған жылдарымен
Сол арман ұмтылдырған алға мені.

Өзгеше əсер етіп шуақты күн,
Жүрекке құйдым сонау шуақ сырын.
Нұрына шуақты күн құшақ жайып,
Қайтадан жаңарғандай сияқтымын.

Марфуға АЙТХОЖИНА, 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Б. Сапарбаев жұмыскерлердің лайықты жалақы алу құқықтарын қорғауды ұсынды

19.03.2019

Елімізде «Еңбек омбудсмені» институты құрылады

19.03.2019

Б.Сапарбаев: Жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету керек

19.03.2019

Польшада Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

19.03.2019

Ел экономикасында 6,6 миллионға жуық жалдамалы жұмыскер жұмыс істеп жатыр

19.03.2019

Былтыр 39 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды

19.03.2019

Петропавлда қоғамдық көліктерде ерекше акция өтіп жатыр

19.03.2019

Теннистен АҚШ-та Мастерс турнирі басталады

19.03.2019

Нұрберген Жұмағазиев: Бізге өз мықтылығымызды дәлелдейтін кез жетті

19.03.2019

Қазақстандық гимнастар Дохадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

19.03.2019

Шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

19.03.2019

А.Мамин: 1 мамырдан бастап баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларға пәтер бөлуді бастаймыз

19.03.2019

Кешірілген өсімпұл көлемі 587 миллионға жетті

19.03.2019

Былтыр 1568 адам өндірісте жарақат алған

19.03.2019

Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

19.03.2019

Базалық лауазымдық қызметақыны кезеңімен өсіру қажет – Б.Әбдірайым

19.03.2019

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры кімдерге көмек көрсетеді?

19.03.2019

Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебі ашылды

19.03.2019

Өткен тәулікте қаладан 15,8 мың текше метрден астам қар шығарылды

19.03.2019

«Соғыс пен бейбітшілік» романы француз тілінде сахналанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу