Аймақтар • 14 Наурыз, 2019

Астанада жабық футбол манежі ашылады

932 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оның аумағында екі  шағын-футбол алаңы орналасады деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанада жабық футбол манежі ашылады

Футбол манежі Есіл ауданындағы Е10 және Е-29 (шамамен «Құлагер» ЖШС). көшелерінің қиылысында орналасқан. Ресми ашылуы наурыз айының соңына жоспарланып отыр.

«Алаң жастар мен 10 жастағы балалар, аталған спорт түрімен айналысатын ересектерге арналған. Манеж аумағында екі шағын-футбол алаңы және душ бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме және әкімшілік ғимарат орналасады. Алқаптарды жалға алуға болады», –  делінген «СПК Astana» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.