Әлем • 14 Наурыз, 2019

Facebook және Instagram жұмыс істемей қалды

1347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбіде Facebook және Instagram әлеуметтік желілері біраз уақыт техникалық ақауға тап болды. Сондай-ақ Facebook мессенджері мен Whatsapp та солардың кебін киген. Бұл туралы BBC арнасы мәлімдеді. 

Facebook және Instagram жұмыс істемей қалды

«Аталған әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің шала жұмыс істеуіне не себеп болғаны белгісіз. Бұл Facebook-тің тарихында бұрын соңды болмаған техникалық қателік. Бұл мәселе сәрсенбі күні бойы жалғасты» дейді BBC арнасы. 

Бұған дейін Facebook 2008 жылы осындай ақауға тап болған еді. Қазіргі таңда бұл әлеуметтік желінің қолданушылар саны 2,3 миллиардқа жеткен. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Google компаниясына тиесілі бірқатар өнімдер – атап айтқанда, Gmail, Google Drive, Google карта секілді қызметтер жұмыс істемей қалған еді.