Қазақстан • 14 Наурыз, 2019

Moody's агенттігі «Даму» қорының Baa3/P-3 деңгейіндегі рейтингі мен «тұрақты» болжамын растады

897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Moody’s Investors Service Халықаралық рейтинг агенттігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниясы) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін ұлттық және шетелдік валютада «Baa3/Prime-3» деңгейінде, ұлттық көрсеткіш бойынша рейтингтер «Aa1.kz» деңгейінде растады. Эмитент бойынша болжам «Тұрақты» күйінде қалды.

Moody's агенттігі «Даму» қорының Baa3/P-3 деңгейіндегі рейтингі мен «тұрақты» болжамын растады

Moody's агенттігінің сарапшылары мемлекет міндеттерін орындауда Қордың рөлін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қаржылай қолдау көрсетудің негізгі құралы ретінде белгілеп, Қордың Қазақстан Үкіметімен айтарлықтай жоғары табыстылықты қамтамасыз ететін «Бәйтерек» бас холдингісі арқылы байланысын атап өтті.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ