Білім • 14 Наурыз, 2019

Ақтөбеде онлайн-режимде республикалық олимпиада өтеді

1312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе облысының әкімі қолдауымен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Ақтөбе қаласында 15-20 наурыз аралығында республикалық олимпиада өткізеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбеде онлайн-режимде республикалық олимпиада өтеді

«Оқушылардың олимпиадаға қатысу барысында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында 21 жыл ішінде алғаш рет олимпиада онлайн-режимде көрсетіледі. Ендігі кезекте кез келген адам олимпиадаға виртуалды қатыса алады және оқушылардың жауаптарын тексеру кезінде қазылар алқасы мүшелерінің жұмысының объективтілігіне көз жеткізе алады. Олимпиада Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтеді» делінген хабарламада.