Брекситтің болашағы бұлыңғыр

Британияның қауымдар палатасы елдің Еуроодақтан шығуы туралы келісімнің жаңа нұсқасын қолдамады. 242 депутат құ­жатты қолдап дауыс берсе, 391-і қарсы шықты. Британияның Еуро­одақтан ресми түрде шығуына 2 апта уақыт қалды. Енді бұл мерзім тағы шегерілуі мүмкін деген болжамдар айтыла бас­тады. 

Егемен Қазақстан
15.03.2019 802
2

Бұл Британ «халық қалаулы­лары­ның» Брексит (Brexit – Ұлы­британияның Еуропалық Одақтан шығуы) жөніндегі келісімге екінші рет дауыс беруі. Алғашқысы осы жылдың 15 қаңтарында болды. Онда да премьер Тереза Мэй парламенттің қолдауына ие бола алмай қалған еді. Нақтырақ айтсақ, құжатты 202 депутат қолдаған, қалған 432-сі қарсылық танытты. Қаңтардағы дауыс беру кезімен салыстырса, бұл жолы Тереза Мэй бар болғаны 40 қана жақтас та­уыпты. Бұл оның тек парламент­тегі ғана емес, билік жүйесіндегі әлсіз позициясын көрсетеді. 

Қаңтардағы сәтсіздіктен соң Тереза Мэй Еуроодақ астанасы Брюс­сельге қайта аттанған еді. Мақ­саты – Брексит жөніндегі келі­сімге өзгерістер енгізу болатын. Яғни, Британия үшін тағы да оң­тайлы жағдаяттар сұрау. Да­уыс беруге дейінгі және кейін­гі келіссөздердің тақырыбы келе­шектегі тауар саудасының шарттары, инвестиция, Ирландия мен Солтүстік Ирландияның шекарасы, Гибралтардың мәртебесі, Лон­донның төлемақысы және бас­қалары болды. Әсіресе Ирландия мәселесі қазір Тереза Мэйдің ең осал тұсына айналды. Өйткені Еуроодақ Ирландия Республикасы мен Британия құрамындағы Сол­түстік Ирландия арасында шека­ра болмасын деген талабын қо­йып, оны өзгертпей қойды. Бұл Ұлы­британия Еуроодақтан шықса да, Солтүстік Ирландия Еуропаның кеден юрисдикциясында қалып қояды дегенді білдірді. Басқа­ша айтқанда, Лондонның бақы­лауы­нан шығады, елдің тұтастығы бұзылады деген сөз. Парламент мү­­ше­лері көтерген ең өткір мәсе­ленің бірі осы болды.

Алайда, 12 наурыз күні Бри­тан парламентіндегі Брексит келі­сіміне екінші дауыс беруге бір­неше сағат қалғанда Тереза Мэй мен Еурокомиссияның басшысы Жан-Клод Юнкер Солтүстік Ир­ландияға «ерекше территория» мәртебесін беретін құжатқа қол қойды. Ол бойынша бұл елдің жері Британияның да, Еуроодақтың да кеден аймағына кіретін болып келісілді. Дегенмен Мэй ха­нымның бұл жетістігі де Британ пар­ламенті депутаттарының пікі­рін өзгерте алмады. Олар жоға­рыда айтқандай, Брексит келісі­міне қарсы дауыс берді. 

Премьер Тереза Мэй пар­ла­мент­те жеңіліске ұшыраған соң: «Мен референдумдағы адам­дар­дың ерік-жігерін жүзеге асы­руға тырысамын, сондай-ақ мен Одақтан шығу жолын ты­ныш әрі келісіммен жасауға ұмты­ламын және парламенттегі көп­шілік дәл осылай ойлайды деген сенімдемін», – деді ол. Тереза Мэйдің айтып отырғаны 2016 жы­лы маусымда Ұлыбританияда өткен референдум. Сол кезде Бри­тан халқының 51,9%-ы Еуроодақ­тан шығуды қолдаса, 48,1%-ы одақта қалуды қалады. Осы­лай­ша Британ елі еуроинтегра­ция бо­йынша өз ұстанымын анық­тады, яғни «ортақ еуроотбасы» идея­сы­нан іргені аулақ салуды жөн көрді. Одақтан шығуды құп көр­гендер мигранттардың көбеюін, Брюссельдің шексіз бюрокра­тиялық талаптарын, Еуроодақты «асырау» үшін төленетін үлкен төлемдерге наразылық танытты. 

Сондай-ақ, келісім дауыс беруде сәтсіздікке ұшыраған соң Британия премьер-министрі пар­ламент ЕО-дан 29 наурызда келі­сімсіз шығуға дауыс беруі керек екенін растады. Егер парламент бұл нұсқаны қабылдамаса, он­да Британияның Еуропалық Одақ­тан шығу процесін ұзарту тура­лы өтініш беру мәселесі тағы дауысқа салынады. Иә, сая­си жүйеде парламент негізгі рөлді атқаратын мемлекеттердің осын­дай қиыншылықтары бар. Негіз­гі шешімдерді депутаттар да­уыс беру арқылы шешеді. Осы аптаның басында өткен баспа­сөз мәслихатында Еуро­ко­­мис­­сияның басшысы Жан-Клод Юнкер Ұлыбритания парла­менті келісімнің жаңа нұсқасын қол­­дамаса, онда «үшінші мүм­­кіндік» болмайтынын ескерт­ті. Ал Германия канцлері Анге­ла Меркель сейсенбіде Еуропа­лық Одақ «Британияның алаңдау­шы­лығын ескеріп, оларға жа­уап іздеуге тырысатын нақты әрі келе­шегі мол ұсыныстар жасады» деген еді. Алайда, Лондонда жай­ғасқан Британияның заң шы­ға­рушылары бұл пікірлерді ескермеген секілді. 

Енді жағдай не болмақ деген сауал көпті мазалайды. Ұлы­британияның Еуроодақтан шы­ға­тын ресми мерзімі – 29 наурыз жақындап қалды. Біршама баспа газеттері бұл «дедлайн» кейінге шегеріледі деген болжам айтуда. «Times» газеті Еуроодақ Брексит жыл соңында болуы мүмкін деген сценарийге даярланып жатыр деп жазған еді. Ал «Daily Telegraph» газеті премьер-министр тек 2-3 айға ғана шегерім сұрамақ деп болжам жасады. Еуропалықтар бұл процестің тезірек аяқталуын қалайтын сыңайлы. Сол үшін егер Лондон ресми мерзімді шегере берсе, онда әр жыл үшін 1 млрд фунт төлеуі қажет деген айыппұл санкциялары дайындалуда деген мәлімет тарады. 

Нұрмұхамед БАЙҒАРА,

«Egemen Qazaqstan»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

26.03.2019

2019 жылғы қаңтарда елімізде 80711 жеңіл автомобиль тіркелген

26.03.2019

Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті Кеңесшілер Палатасының Спикерімен кездесті

26.03.2019

Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кеткенін мәлімдеді

26.03.2019

Алматылық жастар астана атауын өзгертуге қолдау білдірді

26.03.2019

Үкімет пен Ұлттық Банк интернет-займдар бойынша маржаны шектеуді жоспарлайды

26.03.2019

Елорда жаһандық индексте қалай жоғарылады?

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

26.03.2019

Р. Дәленов көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жаңа шаралар туралы айтып берді

26.03.2019

Бақыт Сұлтанов автобус апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

26.03.2019

Қарағандылық спортшылар екі Әлем кубогын ұтып алды

26.03.2019

Оңдасын Оразалин Әйтеке би және Хромтау аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

26.03.2019

Мүлдем жауапкершілік жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Орталық стадионның жағдайы туралы

26.03.2019

Қарағанды көмірінен жасалған әшекейлер Мәскеудегі Халықаралық байқауда көрсетіледі

26.03.2019

Нидерландтың Девентер қаласында Қазақстанның Құрметті Консулдығы ашылды

26.03.2019

​Лондонда Наурыз мерекесі аталып өтті

26.03.2019

Жастар елорда атауының өзгеруіне байланысты үндеу жариялады

26.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

26.03.2019

Ақсу энергетиктері 600 млрд кВт-сағат электр энергиясын өндірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу