Құқық қорғау саласында қыз-келіншектер неге көп?

Әлеуметтің арасында әр салада өзіне тапсырылған міндетті мүлтіксіз орындап жүрген нәзікжандылар бар. Өмір мен өлім беттескен сәтте де, қауіп пен қатер қатар келген кезде де ер білекті, батыр жүректі әйелдер болған. Қазіргі кезде де қоғамда мұндай жандарды кездестіруге болады. Дей тұрғанмен, қыз баланың, жалпы әйел затының нәзік жаратылыс екені әрдайым есте тұрады. 

Егемен Қазақстан
15.03.2019 584
2

Қоғам және адам бар жерде, түрлі мәселелердің туын­дай­­тыны ақиқат. Қылмыс та сол адам­заттың қолымен жаса­­ла­ды. Бұл ретте тәртіп сақшы­­­­ларының еңбегі елеуге тұр­ар­­лық. Полицияның сан-сала­лы қызметінің ішінде де маман­дардың атқаратын түрлі міндет­тері бар. Алайда, бір қарағанда әйел азаматтардың қауіп пен қатерге толы ішкі істер саласында қызмет атқаруы құптай қоятын жайт еместей көрінеді. Мәселен, қылмыс болған орын­ға бару, оны ашуға атсалысу, қылмыскерлерді тергеу, сот процесіне қатысу сияқты нәрсе­лер адам жүрегіне салмақ түсі­ре­ді. Түрлі адамдар­мен сөйлесіп, түрлі мінез көрсе­ту­ге де тура келеді.

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін нәзікжандылар санының артып келе жатқаны шын. Бір ғана Жамбыл облыстық полиция департаментіне қарасты мекемелерде 213 қыз-келіншек қызмет атқарады екен. Әрине, олардың арасында ұзақ жылдар бойы осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып келе жатқандары да, қадамын енді басқандары да бар. Бірақ қайбірімен сұхбаттаса қалсаңыз, олар бұл саланың қиын да қауіпті екенін айтады. Жұмысы қиын және өте қауіпті болса да полиция подполковнигі Самал Жұманбаева жиырма жыл бойы Талас аудандық полиция бөлімінде тергеуші болып жұмыс істейді. Ал оның басты міндеті – ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу. Самал Кенжебайқызы 1998 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды жоғары мекте­бін бітірген соң Талас ауда­­нына тергеуші болып орна­ла­­­сады. Қызметтік жолы кіші сержант шенінде аудандық ішкі істер бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі қызметінен басталды. 2005 жылдың мамыр айында Самал Жұманбаева осы бөлімшенің аға тергеушісі лауа­зы­мына тағайындалып, күні бүгінге дейін полиция под­пол­ков­нигі шенінде қызмет атқаруда. «Мектеп жасынан бері тергеуші болуды армандадым. Сондықтан 10-сыныпта оқып жүріп, сол кездері Қаратау қалалық ішкі істер басқармасына келіп, бір­тін­деп тәжірибе жинақтай бастадым. Ал менің бірінші тәлімгерім – аға тергеуші Қанат Құлжанбеков болды», – дейді подполковник. 

Қызмет барысында тала­й қыл­­­мыс­­керді тергеп, талай қыл­мыс­ты ашуда Самал Кенже­бай­­қызы жақсы көрсеткіш көр­сет­­­кен. Тіпті қауіп пен қатер­ге толы тергеу барысында қатал­дық танытуға да тура келеді. Өйткені қылмысты мойындату, оның себебін анықтау да оңай емес. Мұндай кезде көңілге кірбің, жүрекке салмақ түседі. Сол үшін ол бос уақытын әдемі гүлдерді өсіруге арнай­ды. Сонымен қатар оның сүйік­ті ісі детек­тивтік жанр­да­ғы кі­тап­­­тарды оқу екенін біл­дік. Бү­гінде төрт баланың анасы Самал Жұманбаева адам бойын­да­ғы қай­сарлық қана қиын­дық­ты жеңеді деген ұста­ным­ды ұстанады.

Жалпы, бүгінде орын алып жат­қан түрлі жағдайларды көріп отырып қыз балалар неге құқық қорғау саласында қызмет атқа­ру­ға құмар деп ойланатынымыз рас. Ер адамның өзіне қажыр мен қайрат керек бұл саланың қалтарысы мен бұлтарысы да көп. Алайда, талғамға талас жоқ дегендей, әркімнің мамандық таңдауда өзінше шешім шыға­руы­на болады. Ал Тараз қалалық №2 полиция бөлімінің жедел криминалистика бөлімінің кри­ми­­на­лисі, полиция капитаны Мақпал Раби 2007-2011 жылдары Алматы қаласындағы Ішкі істер министрлігінің Академиясын тәмамдаған тәжірибелі маман. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Оңды ауылында дүниеге келген Мақпал 2012 жылдан бері осы мекемеде жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – қандай да болсын оқиға орнына бару, оған қатысу. «Мүмкіндік болса қылмыстың алдын алу, қылмысты ашу, оқиға орнынан алынған айғақ заттардың сол іске қатыстылығын анықтау біздің міндет. Жыл басынан бері он шақты қылмыс орнына барып үлгердік. Мереке күндері жұмыс екі есеге артады. Қиындықтар да болып тұрады. Өмірімізге қауіп төнетін кездер де кездеседі. Бәрі адамның өзіне байланысты. Көп нәрсені жүрекке ауыр алуға болмайды. Оқуда жүргенімізде бізге мұның бәрін үйреткен», дейді капитан. 

Қылмыс ашудың да өзін­дік құпиясы мен тәртібі бар. Дегенмен, қызмет бабында поли­це­й­лерге орынсыз дүрлігіп қоңы­рау шалатындар да кездеседі екен. Қоңырау түскен мезетте түн демей, күн демей полицей­лер сол жерге жетуі тиіс. Мәсе­лен, отба­­­сылық жанжал, екі адам­­­ның төбе­­­лесі, ұрлық сияқ­ты қыл­­мыс­­тар­дан адам өлі­міне дейін­гі оқиғаларға араласуға тура келе­ді. Мақпал Раби қазіргі кезде пә­тер және авто­­көлік ұрлығының көбей­іп кет­ке­нін айтады. 

Адамның бәрі бірдей емес. Кейде қомақты ақша жоғалды, тонап кетті деген желеумен шақы­рып алып, соңынан олай болмай шығатыны да жиі кездесіп тұрады екен. Осындай сәттердің бәрінде оқиға ортасынан табылу, оған араласу, оны анықтау қиын. Әсіресе әйелдер қауымына мұның ауыр екені анық. Қашанда сұлулық пен нәзіктік символы саналатын қыз-келіншектер қауымы расында құқық қорғау саласында неге көп екен?..

Хамит ЕСАМАН, 

«Egemen Qazaqstan»

Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Б. Сапарбаев жұмыскерлердің лайықты жалақы алу құқықтарын қорғауды ұсынды

19.03.2019

Елімізде «Еңбек омбудсмені» институты құрылады

19.03.2019

Б.Сапарбаев: Жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету керек

19.03.2019

Польшада Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

19.03.2019

Ел экономикасында 6,6 миллионға жуық жалдамалы жұмыскер жұмыс істеп жатыр

19.03.2019

Былтыр 39 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды

19.03.2019

Петропавлда қоғамдық көліктерде ерекше акция өтіп жатыр

19.03.2019

Теннистен АҚШ-та Мастерс турнирі басталады

19.03.2019

Нұрберген Жұмағазиев: Бізге өз мықтылығымызды дәлелдейтін кез жетті

19.03.2019

Қазақстандық гимнастар Дохадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

19.03.2019

Шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

19.03.2019

А.Мамин: 1 мамырдан бастап баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларға пәтер бөлуді бастаймыз

19.03.2019

Кешірілген өсімпұл көлемі 587 миллионға жетті

19.03.2019

Былтыр 1568 адам өндірісте жарақат алған

19.03.2019

Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

19.03.2019

Базалық лауазымдық қызметақыны кезеңімен өсіру қажет – Б.Әбдірайым

19.03.2019

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры кімдерге көмек көрсетеді?

19.03.2019

Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебі ашылды

19.03.2019

Өткен тәулікте қаладан 15,8 мың текше метрден астам қар шығарылды

19.03.2019

«Соғыс пен бейбітшілік» романы француз тілінде сахналанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу