Қайта оралған қазы астау

Қазекем «сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» деп бекер айтпаған екен. Әйелдің сұлулығын астарлаған бұл мәтел ағаштың беріктігін, оның оңайлықпен тоза қоймайтынын негізге алса керек. 

Егемен Қазақстан
15.03.2019 567
2

Қостанай қаласынан табылған қазы астаудың жасын белгілі ағаш шебері Таңатқан Божақов бір ғасырға жуықтатып отыр. Қос­та­найға осыдан екі жыл бұ­рын қайың тоғайы көмкерген Сары­көл ауданынан көшіп келген Балапан Ыбыраева шеберге көне ыдысты қайта қалпына келтіруді өтініп әкеліпті.

– Бұл астауды өзім қолында өскен нағашы атам Алдаев Уәли деген кісі жасаған. Қара­пайым мал баққан кісі еді, 1905 жылы туған, 90-шы жыл­дардың аяғында қартайып, дүние­ден қайтты. Тұрмысқа қажетті бұйымның бәрін ағаштан өзі шабушы еді. Қорғаннан тері алдырып, мәсі тігетін, қамшы өретін. Ауылдың әйелдеріне ұршық, ешкінің түбітін тарайтын тараққа дейін менің атам жасап беретін. Көне ыдысты атам мен әжемнің көзіндей көріп, сақтап келемін, – дейді Балапан.

Қазы астаудың иесі оның дәл қай кезде жасалғанын анық біл­мей­ді. Ыдыс қайыңнан ойып жасалған, екі жағында жапы­рақ­ша құлағы бар. Бүгінде жұрт дастарқанға ұлттық бас тама­ғы­мыз – етті салып тартатын астау­лардан әлдеқайда жіңішке ыдыс ақжемделіп тозыңқыраған, сырты көк сырмен боялған. Екі жағындағы құлақшасы да жемі­рі­ле бастапты. 

– Мені ата-анам нағашы атам мен әжеме екі жасымда берген екен. Мен биыл 55 жастамын. Бала кезімнен осы астауды көріп өстім, – дейді Балапан. Жәдігердің иесі өзінің жасөспірім кезінде әжесі астаудың сыртын көк бояумен бояп тастағанын айтады. Ағаш желініп, тоза баста­ған соң жасаған әрекеті болар, бәлкім? 

– Бұл қазы астаудың жасы кем дегенде жүз жылдың маңайы деп есептеймін. Қайың ағашы 50-60 жылда мынандай кейіпке түспейді, өте қатты, мықты ағаш қой, – дейді Таңатқан Баях­мет­ұлы. 

Айт­пақшы, жалпы қазы астау ыды­­сы туралы өткен жылы Таңат­­­­­­қан ағамыздан естіген едік. Қос­та­­найда өткен қолөнершілер көр­ме­­­лерінің бірінде өзінің жаса­ған бұйымдарын көрсетіп тұрып, баяғыда «қазы астау» деген ыдыс болғанын, оның қазір ұмытылып кеткенін айтқаны бар. Ол қазақ даласының барлық шалғайында бірдей болмаған да шығар, бі­рақ бүгінгі Қостанай облысы өңі­рінің Сарыкөл, Ұзынкөл ауда­н­­дары төңірегінде, жалпы арқа­­дағы ағашты жерлерде кең пайда­ланған бұйым екен. Таңатқан ағай қарт кісілерден де қазы астау туралы сұрастыра жүріпті. Шебердің айтуынша, талай жылдан бері бір ақсақал ғана қазы астаудың сыйлы кісілерге сойылған жылқының семіздігін көрсету үшін қазы салып қоятын сәнді ыдыс болғанын айтыпты. Ол ағаштан ұзынша әрі қос қазы қабырға қатар сиятындай жіңішке етіп шабылатын болған. 

– Ертеде көшіп-қонған қазақтың дастарқанға қазіргідей самсатып қоятын салатта­ры, «Баян сұлу» кондитер фабри­ка­­сының кәмпиттері қайда?! Құда-жекжаты келгенде қазы астау­­­ға сере қазысын, кәделі сүйек­­­­терін салып қойып, ірімшігі мен құртын, бауырсағын шашып дас­тарқанын сәндеген ғой. Негізі қазақ­­тың ет тамағы қазіргідей ұзын астауға емес, дөңгелек ағаш табаққа салынған. Бала кезі­­мізде ол әр үйде болатын. Біздің елде табақтың жанына қазысы мен кәделі сүйектерін салып, қазы астау­ды қойған, – деп түсіндірген еді Таңатқан ағамыз. Ағаш шебері ұмы­тыл­ған ыдысты жасап көр­се­туге, оны біз «Егеменнің» оқыр­мандарына жеткізетінімізге уағда­ласқан едік. Міне, сол қазы астау­ды қанша жыл бойы көненің көзі деп сақтап келе жатқан Бала­пан Таңатқан Божақовты сұрас­тырып жүріп, өзі тауыпты. Қазы астаудың иесі оны қалпына келтірген соң пайдаланбай, тек отбасылық жәдігер ретінде сақтайтынын айтты. 

Таңатқан шебер көне ыдысты жөндеу жұмыстарына кірісіп те кетіпті.

– Маған мұны қалпына кел­тір­­геннен жаңадан бірнеше ыдыс жасағаным оңай еді. Бірақ осы қазы астауды шапқан Уәли ақса­қал­дың аруағын сыйла­ған­дық­тан қолыма алдым. Өйткені ыдыстың қайсысы болсын кепкен ағаштан жасалады. Ал кепкен қайыңнан мұндай астауды ойып шабу өте мех­нат­ты еңбек. Мен шебер ре­тінде көріп тұрмын, бұл тек шапқы балтамен ғана шауып жасалған. Ал менің қолымда қанша аспап, станоктар бар, соның өзінде ыдыс ою оңай шаруа емес, – деді Таңатқан ағай. 

Қазы астаумен халқымыздың бір жоғы табылғандай емес пе?!.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Egemen Qazaqstan»

ҚОСТАНАЙ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Б. Сапарбаев жұмыскерлердің лайықты жалақы алу құқықтарын қорғауды ұсынды

19.03.2019

Елімізде «Еңбек омбудсмені» институты құрылады

19.03.2019

Б.Сапарбаев: Жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету керек

19.03.2019

Польшада Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

19.03.2019

Ел экономикасында 6,6 миллионға жуық жалдамалы жұмыскер жұмыс істеп жатыр

19.03.2019

Былтыр 39 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды

19.03.2019

Петропавлда қоғамдық көліктерде ерекше акция өтіп жатыр

19.03.2019

Теннистен АҚШ-та Мастерс турнирі басталады

19.03.2019

Нұрберген Жұмағазиев: Бізге өз мықтылығымызды дәлелдейтін кез жетті

19.03.2019

Қазақстандық гимнастар Дохадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

19.03.2019

Шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

19.03.2019

А.Мамин: 1 мамырдан бастап баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларға пәтер бөлуді бастаймыз

19.03.2019

Кешірілген өсімпұл көлемі 587 миллионға жетті

19.03.2019

Былтыр 1568 адам өндірісте жарақат алған

19.03.2019

Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

19.03.2019

Базалық лауазымдық қызметақыны кезеңімен өсіру қажет – Б.Әбдірайым

19.03.2019

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры кімдерге көмек көрсетеді?

19.03.2019

Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебі ашылды

19.03.2019

Өткен тәулікте қаладан 15,8 мың текше метрден астам қар шығарылды

19.03.2019

«Соғыс пен бейбітшілік» романы француз тілінде сахналанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу