Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Егемен Қазақстан
15.03.2019 744
3

Өзіңіз де біліп отырсыз, бұл «Алты жасар Алпамыс» фильміндегі кішкентай Алпамыстың арманы. Атасының құлағына құйған ақылын қағып алған алғыр баланың арманы да асқар таудай.

Расында, бала сүю, саналы ұрпақ тәрбиелеу, ұлын – ұяға, қызын – қияға қондыру, әр адамның, жалпы адамзаттың әлмисақтан бергі айнымас арманы екені хақ! Тек кейінгі жылдары отбасы құндылығы ысырылып, орнын басқа құндылықтар толтыра бастағандай. Әсіресе, болып-толған, дамыған елдерге тән құбылыс бұл. Ал қазақтар ше? Біз демографияны екінші орынға ысырып қоятындай, басқа құндылықтарды одан биік қоятындай дәрежеге жетіп қалдық па? Әлде өзге «тойып секірген» елдерге еліктеп, «тоңып секірудің» әлегімен жүрміз бе?

Ғасырға жуық уақыт десі басым державаның дегенімен жүрген елдің демографиялық ахуалы гүлденген кезі аз. Қан-қасап соғысты да, аштықты да, қуғын-сүргінді де көрген елдің бертінде ғана мұрты майланып, бесік тербеген аналар көбейе бастады. Статистикаға сүйенсек, 2018 жылдың соңында халық саны 18 миллион 608 мың 79 адамды құрапты. Былтыр елімізде 411 мың 99 сәби дүние есігін ашқан.

«Біреуді көріп бүкір бол, біреуді көріп шүкір бол» дегендей, 18 миллионнан асатын көрсеткіш алып елдермен салыстырғанда аз болса, енді бір елдердің жете алмай жүрген межесі. Теріскейдегі ормандай орыспен салыстырғанда түк емес. Бірақ «байлар да жылайды» дегендей, ресейлік демографтардың өзі жыл сайын 1 миллионға кеміп бара жатқандарын айтып еңірегенде етектері жасқа толады. Түстіктегі өзбек ағайындар да екі есе көп. Қоңсы қонған қырғыз бауырлардан көп екенбіз деп күпсіну артық болар. 

Әлгінде айтқан фильмде Алпамыстың арманын естіген досы Қалихан деген бұзықтың «Он екі ұл дейсің бе?! Ақымақсың ба?!» деп шегі қатып күліп, құлай кететіні бар. Өкініштісі, қазір бала емес, ақыл-есі толысты дейтін ересектердің арасында көп балалы аналарды сынап-мінеп, «баға алмаса неге туады?!» деп ащы айтатындар, қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды солардан көргісі келетіндер кездесетінін байқаймыз. Ресейлік әлеуметтанушы Е.Шульманның зерттеуіне қарағанда, шындығында, көп балалы отбасыларға жасалып жатқан әлеуметтік көмек елдің тұрмысын кері тартады деу орынсыз.

– Қоғам индустрияландыру кезеңіне аяқ басқанда, туу көрсеткіші де, өлім көрсеткіші де артады. Оны алғашқы демографиялық кезең дейміз. Қоғам одан әрі дамып, тұрмыс сапасы жақсарған тұста өлім көрсеткіші төмендеп, туу көрсеткіші де үдейді. Яғни, жақсы тұрмыс, саалы медициналық көмек, саламатты өмір салты екінші демографиялық кезеңге өтуге ықпал етеді,– дейді ол.

Е.Шульманның айтуынша, Ресей екінші демографиялық кезеңге өткен емес. Біздегі жалпы ахуалдың көрші елге ұқсас екенін ескерсек, көп балалы отбасылар көбейіп кеткенін айтып, кедейлікке соларды кінәлау көкейге қонбайды.

Көрші елді қоя тұрып, өзімізден бір мысал келтірейікші. Еліміздегі көп балалалы аналардың саны жарты миллионға да жетпейді. Тәуелсіздік жылдары туған буынның жалпы саны 7 миллионға жуықтайды екен. Демек, олардың алды орда бұзар жасқа жақындап, отау иесі атанып, бала тәрбиелеп жатыр деген сөз. Сәйкесінше, халық санын көбейтіп, демографиялық дүмпу жасайтын да солар. Өкінішке қарай, осы тұста тағы бір мәселенің құлағы қылтияды. Статистика комитетінің дерегіне жүгінсек, жастар арасында бала сүю көрсеткіші 2014 жылдан бері үздіксіз төмендеп барады. Мәселен, 2016 жылы бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 14,259 адамға төмендесе, 2017 жылы 30 596 сәби аз туған. Мамандар оның бірнеше себебі бар екенін айтады. Біріншіден, тоқсаныншы жылдардағы қиын кезеңде дүниеге келген балалардың саны аздау болыпты. Екіншіден, осы тәуелсіздік жылдары туған буын отбасын құруға асықпайды, кеш үйленеді. Үшіншіден, олардың бала сүюге қатысты түсінігі, бәлкім, жоспарлары өздеріне дейінгі ұрпақтан басқаша. Төртінші себепті мамандар денсаулық сақтау мәселесімен байланыстырады. Яғни, халықтың жан басына шаққандағы өсу қарқыны төмендеп барады.

Сөз басында алты жастағы Алпамыстың арманын тілге тиек еткен едік. Көп бала сүю, балаларының оқығанын, өсіп-өнгенін армандау сол кішкентай кино кейіпкерінің ғана емес, бүкіл халықтың арманы болатын. «Саннан сапа туатынын» ескерсек, көп баланың ішінен кемінде бір мықты шығып ,бауырларына қамқор болады, елін өрге сүйрейді деп сенетін. Өкінішке қарай, қазір солай армандау азайып кеткен сияқты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2019

Ж. Қасымбек су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кеңес өткізді

18.03.2019

5 баланы құтқарған азамат Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды

18.03.2019

Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды

18.03.2019

Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

18.03.2019

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барды

18.03.2019

«Жетісу» телеарнасы 20 жылдығын атап өтеді

18.03.2019

Жетісу кәсіпкерлері жақсылық жасаудан жарысып жатыр

18.03.2019

Түркі Академиясының 2019 жылғы жұмыс жоспары бекітілді

18.03.2019

Е. Алпысов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

18.03.2019

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

18.03.2019

Астана әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың жаңа 13 шарасын ұсынды

18.03.2019

Елбасы Астана қаласында салынатын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

18.03.2019

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары жарияланды

18.03.2019

Оңдасын Оразалин жол-көлік апатынан қаза болғандардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

18.03.2019

Бокстан Марина Вольнованың жүлдесі үшін турнир өтті

18.03.2019

Калгариде конькишілердің қанжығасы майланды

18.03.2019

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болады - Бердібек Сапарбаев

18.03.2019

2025 жылға қарай өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі 2 есеге артады

18.03.2019

Түркістан: Сайрам ауданында кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

18.03.2019

Астанада алдағы екі айда экологиялық науқандар өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Suranys kо́p, qoldaý kem

О́z elimizde óz tilimizdiń kenje qalǵanyn jasyra almaımyz. Eń basty másele – onyń qoldaný aıasy tarylyp ketti. Bul kemshilikti eńserý úshin qazaq tilin jańǵyrtý qajet. Qalaı? Mine, bul kimdi bolsa da tyǵyryqqa tirep, oılandyratyn úlken suraq. Biraq onyń sheshimin búgingi tańda memlekettiń ózi usynyp otyr. Bar másele, osyny arqaý etip, zańdy qoldaýǵa qajettilik týǵyzý. Ol úshin ne istegen jón?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу