Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Жайықтағы жағдай қалыпты

956 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атыраудағы Жайық өзенінде балық қырылып жат­қаны туралы алғашқы дерек өткен жылдың 2 жел­тоқсанында белгілі болды. Жағдай 9 желтоқсанға дейін жалғасқан. Қазір мұндай факті анықталып отырған жоқ. 

Жайықтағы жағдай қалыпты

Мамандардың айтуынша, тек мұз еріп, өлі балықтар су бетіне қалқып шығып жатыр. Бұл жағдай жергілікті тұрғындарды алаңдатпай қоймады. Жағдайға бейжай қарамаған атыраулықтар өткен жексенбіде өзен жа­­ға­лауына шығып, тазар­­ту жұмыстарына қа­тыс­ты. Ал­дағы аптада тағы да қа­ла­лық сенбілік ұйым­дас­тырылады. 

Жайық суы қаншалықты қа­уіп­сіз? Күн сайын дерлік өзеннен сараптама алып отырған Ұлттық сынама ор­­талығының мамандары алаң­дауға негіз жоқ дейді. Аты­рау облыстық әкім­дігінде Орталық ком­муни­кациялар қыз­метінің бри­­фингіне қатыс­қан Қауіпсіздік Кеңе­сінің Эко­логиялық қауіп­­сіздік мәсе­лелері жөнін­дегі ве­домство­аралық комис­сия­сының мү­шелері де осы пікірді қуат­тады. 

Комиссия Жайыққа ба­рып, теп­лоходпен өзен бойын жүріп өтті. Жа­йық маңындағы Жам­был ауы­лының тұсында 3 метр те­реңдікте сүңгуірлер көмегі­мен Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Эко­логия департа­менті және «Қаз­­гидромет» ӨММ қыз­мет­­кер­лері химиялық су сы­на­­ма­ларын алды. Сүң­гуір­­лердің айтуынша, өзен түбінде өлі балық табыл­­ма­ған. «Аман­гелді» ба­лық ша­­руа­­­шы­лығы коопе­ра­ти­ві­нің ба­лық аулау ау­мағы да ко­мис­сия назарынан тыс қалмады. 

– Дәл қазір бір аулағанда шамамен 200 келі балық ауланды. Оның 3,5 келісі өлі балықтар. Өлген балықтар қаң­қасы мұзда қатып қалғандықтан еріп, су бетіне қалқып шығып жатыр. Қазір балықтың аз болатын кезеңі. Күн жылына сәуір айынан бастап уылдырық шашып, жылдағы үрдіспен балық көзі көбейеді, – дейді «Амангелді» кооперативінің қызметкері Өтеген Бисалиев. 

Бақытгүл БАБАШ, 

«Egemen Qazaqstan»