Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Амал келді – жыл келді!

1746 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Амал мерекесінің маңызы мен орны маңғыстаулықтар үшін айрықша. Асыға күтіп, арқайын қыдырыстап, сағына қауышып, емен-жарқын амандасып, сақтағанын дастарқанға төгетін ақжарылқап көңіл мен аппақ тілектердің мейрамы, бір жағы қыс құрығы ажырап, жер аяғы босап, мал төлдейтін табиғаттың мерекесі.

 

Амал келді – жыл келді!

Осынша ақтарылған ақ ті­лек­тердің аясында бір-бірімен қол алысып, құшақ айқастыра аман­дасатын ағайын бұл күнді «көрісу күні» деп ерекше ұлықтайды. Ел тағдыры талқыға түскен қиын кезеңдердің өзінде ұмытылмай, яғни ағайындардың көріскен қолы мен айқасқан құшағы бір-бірінен ажырамаған күйі бү­гінге келіп жеткен Амал мере­кесін маңғыстаулықтар жыл сайын жаңаша мерекелеуді, оның бай мазмұны мен мағы­на­сын халықтың рухани қаже­тіне татитын тұрғыда тойлауды қалыптастыруға ұмтылып ке­леді. Өйткені расында Амал ме­ре­кесі Мемлекет басшысы Н.Назар­баев­тың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағ­дарла­малық мақалаларымен үндес, төр­кіндес және сонда айтылған міндеттерді жүзеге асыру жолында жасалуы тиіс жұмыстардың ауқымды көрінісі. 

Маңғыстауда Амал мерекесі Отпан таудағы Адай ата ке­се­несі басында 2008 жылдан бері тұ­рақ­ты сипатта өткізіліп ке­леді. Бұл рулық деңгейдегі не­месе белгілі бір руды насихат­тау мақсатындағы шара емес, ұлтты ұйыстыру, қарға тамыр­лы қазақтың баласын бір тудың, бір ұранның астына бірік­тіріп, бірлік отын бір жеңнен қол шығара тұтату мақсатын көз­дейді. Ұрпақ санасына «біз – қазақ­пыз!» деген рухты сезімді берік сіңіріп, оларды ұлтымыздың салт-дәстүрін, тарихын білуіне, руха­ни құндылықтарын қас­тер­леуіне, сондай-ақ Қазақ­станда тұра­тын өзге ұлт өкіл­дерінің елдің, жердің иесі – қазақ­тың ұлттық құндылықтарын ұғынуы мен құрметтеуіне ықпал ететін шара. 

Ал Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасы екі жылдан бері Амал мерекесін «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында атап өтуді жүзеге асырып келеді. Арнайы бюджеттен қаржы қарастырылып, іс-шаралар жоспары мен бағдарламасы дайындалады. Биыл «Амал-2019» мәдени көпшілік шарасын өткізуде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған ел мен жерге қатысты бағыттар көрініс тапты. Сондай-ақ, әу баста Адай атаның екі баласынан тараған сегіз немересі жыл сайын кезектесіп Көрісу күнін жоғары деңгейде өткізуді ұйымдастыруға міндеттелген болса, жыл өткен сайын шараға бүкіл қазақ бас біріктіріп, барлық ру ұрпақтары атсалысып келеді. Биыл да Адайдағы Ақпан руы бастамашы болған шара Ысық, Беріш, Есентемір, Алаша, Табын, Қызылқұрт, Қожа ауылдарының, Адайдың сегіз арысының азаматтарының қолдауымен біріккен түрде өткізілді. Оның үстіне республикамыздың басқа аймақтарынан арнайы қонақтар келіп, Амал тойының географиялық ауқымы да ұлғая түсті. Тіпті, биыл еліміздің өзге өңірлерінде алғаш рет Амал мерекесін тойлаудың басталғандығын да Отпан тауда өтіп жүрген шараның халықтық сипат алуы, халықтық дәстүріміздің етегін кеңге жаюы деп қуана қабылдадық. 

Амал мерекесі биыл Маңғыстауда 12 наурыз күні «Рухани жаңғыру. Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұралары» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен, сондай-ақ, 13 наурыз күні «Ұлы дала көші» атты театрландырылған мерекелік шарасымен басталды. Еуразияның Ұлы даласында үш мың жыл бойы көшіп-қонып күн кешкен көшпелілер ерекше өмір салтына, дәстүр-танымына, тұрмыс-тіршілігіне орай төлтума өнер мен мәдениет қалыптастырған. Олардың көне тарихы бірде аттың жалында, түйенің қомында жойқын қақтығыстар барысында қалыптасса, енді бірде «қой үстіне бозторғай ұялаған» мамыражай тірлік жағдайында өмірге келген. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығының қалыптасуы мен дамуында қазақтың ұлы даласының үлесі ерен. Ата-бабаларымыз ат үстінде жүріп ұланғайыр жерімізді жаудан қорғап қана қоймай, жылқыны күнкөріс көзіне де айналдырып, оны көлік те, тамақ та, сусын да қыла білген, спорттық ойындарға да орнықты жарата білді. Сондықтан, жылқы тарихы, оның мәдениеті туралы насихаттау, көшпелі өмірдің сән-салтанатын бүгінгі ұрпақтың жадында жаңғырту мақсатында Ақтаудан шыққан 300-ге тарта аттылы жігіт Отпан тауға атпен жетіп, дала көшін бейнеледі. Алдымен олар атқа қатысты теңге ілу, аударыспақ сынды ұлттық ойындарды ел назарына ұсынды. 

50-ден астам киіз және темір үйлер тігіліп, 200-ден астам өнерпаз өнер көрсеткен, ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтіп, аламан бәйге ұйымдастырылып, ән мен жыры шалқыған Отпан тауда Амал күніне қараған түні Бірлік оты жағылды. Елдің амандығы, жердің тыныштығы үшін тілек тілеп, дұға жасалды. Ақсақалдар бата беріп, жастар тікесінен тік тұрып қызмет етті. 

Амал мерекесіне Ақмешіт кесенесінің, Сарайшық кесенесінің, Өзбекстан, Ишанкала мемориалдық кешенінің (Бекет ата кесенесінің) өкілі Камилжан Худайбергенов Өзбекстан, Хорезм облысы, Қазақ Ұлттық мәдениет орталағының өкілдері Мырза Худайбергенов, Пулатбек Изюмов, Бахтияр Атаниязов, Ноғай елінің жыршылары Ислам Сатыров, Арсланбек Султанбеков, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәуле Жанпейісова, сонымен қатар Қызылорда, Қостанай, Петропавл қалаларынан қонақтар келді. Маңғыстаулық 20 жыршы қатысқан «Армысың, Амал!» атты жыр кеші өткізілді. Жалпы қатысушылар саны 5000 адамды құрайтын бұл шарада қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысымызды бейнелейтін қойылымдар қойылып, ән-күйден, жыр-термеден шашу шашылып, суретшілердің пленэрлік жұмыстары және қолөнер көрмелер жұртшылыққа таныстырылды. Сайыстар бойынша жүлдегерлерге Ақпан ата ұрпақтары атынан бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар берілді. 

Қазақтың бірлігін, елдің дамуын мақсат етіп, сондай-ақ жаймашуақ көктемнің келуін қуана қарсы алған Көрісу-Амал мерекесін келері жылы ұйымдастыруға ұйытқы болуды Балықшы ата ұрпақтары қабылдап алды. 

Ал Маңғыстау облыстық Мәде­ниет басқармасы екі жыл­дан бері Амал мерекесін «Руха­ни жаңғыру» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында атап өтуді жүзеге асырып келеді. Ар­на­йы бюджеттен қаржы қарас­ты­ры­лып, іс-шаралар жос­пары мен бағдарламасы дайындалады. Биыл «Амал-2019» мәдени көп­шілік шарасын өткізуде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын­да айтылған ел мен жерге қатыс­ты бағыттар көрініс тапты. Сондай-ақ әу баста Адай атаның екі баласынан тараған сегіз немересі жыл сайын кезектесіп Көрісу күнін жоғары деңгейде өткізуді ұйымдастыруға міндеттелген болса, жыл өткен сайын шараға бүкіл қазақ бас біріктіріп, барлық ру ұрпақтары атсалысып келеді. Биыл да Адайдағы Ақпан руы бастамашы болған шара Ысық, Беріш, Есентемір, Алаша, Табын, Қызылқұрт, Қожа ауылдары­ның, Адайдың сегіз арысының азаматтарының қолдауымен біріккен түрде өткізілді. Оның үстіне республикамыздың бас­қа аймақтарынан арнайы қонақ­тар келіп, Амал тойының гео­гра­фиялық ауқымы да ұлғая түсті. Тіпті биыл еліміздің өзге өңірлерінде алғаш рет Амал мерекесін тойлаудың бастал­ған­дығын да Отпан тауда өтіп жүрген шараның халықтық си­пат алуы, халықтық дәстүріміз­дің етегін кеңге жаюы деп қуана қабылдадық. 

Амал мерекесі биыл Маңғыс­тауда 12 наурыз күні «Рухани жаңғыру. Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұралары» атты III халықаралық ғылыми-тәжі­ри­белік конференция­мен және 13 наурыз күні «Ұлы дала көші» атты театр­лан­­ды­рылған мерекелік шара­мен басталды. Еуразияның Ұлы даласында үш мың жыл бойы көшіп-қонып күн кешкен көш­пелі­лер ерекше өмір салтына, дәстүр-танымына, тұрмыс-тір­шілігіне орай төлтума өнер мен мәдениет қалыптастырған. Олардың көне тарихы бірде аттың жалында, түйенің қомын­да жойқын қақтығыстар бары­сында қалыптасса, енді бір­де «қой үстіне бозторғай жұмырт­қалаған» мамыражай тірлік жағ­дайында өмірге келген. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруа­­шылығы­ның қа­лып­тасуы мен дамуында қазақтың ұлы дала­сының үле­сі ерен. Ата-баба­ларымыз ат үстін­де жүріп ұлан-ғайыр жері­мізді жау­дан қор­ғап қана қоймай, жыл­қы­ны күнкөріс көзіне де айналдырып, оны көлік те, тамақ та, сус­ын да қыла білген, спорттық ойын­дарға да орнықты жарата білді. Сондықтан жылқы тарихы, оның мәдениеті туралы наси­хат­тау, көшпелі өмірдің сән-сал­та­натын бүгінгі ұрпақтың жадын­да жаңғырту мақсатында Ақтау­дан шыққан 300-ге тарта атты­лы жігіт Отпан тауға атпен же­тіп, дала көшін бейнеледі. Ал­ды­­мен олар атқа қатысты теңге ілу, аударыспақ сынды ұлт­тық ойындарды ел назарына ұсынды. 

50-ден астам киіз және темір үйлер тігіліп, 200-ден астам өнерпаз өнер көрсеткен, ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтіп, аламан бәйге ұйымдастырылып, ән мен жыры шалқыған Отпан тауда Амал күніне қараған түні Бірлік оты жағылды. Елдің амандығы, жердің тыныштығы үшін тілек тілеп, дұға жасалды. Ақсақалдар бата беріп, жастар тікесінен тік тұрып қызмет етті. 

Амал мерекесіне Ақмешіт кесенесінің, Сарайшық кесене­сінің, Өзбекстандағы Ишанқала мемориалдық кешенінің (Бекет ата кесенесінің) өкілі Камил­жан Худайбергенов, Өзбекстанның, Хорезм облысы Қазақ ұлттық мәдениет орталығының өкілдері Мырза Худайбергенов, Пулат­бек Изюмов, Бахтияр Атания­зов, Ноғай елінің жыршылары Ислам Сатыров, Арсланбек Султанбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәу­ле Жанпейісова, соны­мен қатар Қызылорда, Қоста­най, Петро­павл қалаларынан қо­нақ­тар келді. Маңғыстаулық 20 жыр­шы қатысқан «Армысың, Амал!» атты жыр кеші өткізілді. Жалпы қатысушылар саны 5000 адамды құрайтын бұл шарада қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысымызды бейнелейтін қойылымдар қойылып, ән-күйден, жыр-тер­меден шашу шашылып, сурет­­­шілердің пленэрлік жұ­мыс­­тары және қолөнер көрме­лері жұрт­шылыққа таныс­ты­­рыл­ды. Сайыстар бойынша жүл­дегер­лерге Ақпан ата ұрпақтары аты­нан бағалы сыйлықтар мен ақша­лай сыйақылар берілді. 

Қазақтың бірлігін, елдің дамуын мақсат етіп, сондай-ақ жаймашуақ көктемнің келуін қуана қарсы алған Көрісу-Амал мерекесін келер жылы ұйым­дастыруға ұйытқы болуды Балық­шы ата ұрпақтары қабыл­дап алды. 


Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы