Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

«Соттағы татуластыру рәсімдері» – тиімді жоба

1581 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қаралған сот істерінің саны 2013-2017 жылдар аралығында екі есеге артқан. Осылайша Қазақстанда елдің әрбір төртінші тұрғыны қандай да бір сот процесіне қатысқан болып шығады. Бұл ретте статистикаға сәйкес, сот дауларының басым бөлігі ажырасу мен алимент төлеуге қатысты отбасылық даулар екені байқалады. Осы орайда Жоғарғы сот 2018 жылдың сәуірінде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының аясында «Соттағы татуластыру рәсімдері» туралы жаңа жобаны жүзеге асырды. 

«Соттағы татуластыру рәсімдері» – тиімді жоба

Өткен жылы Ақтөбе облысын­да 1722 отбасының шырқы бұзыл­ған. Бұл 6 мың­нан астам бала отбасын­да­ғы өзара сый­­ластық пен рухани құнды­лықтарды жоғал­­­тып, толық емес отбасында тәр­бие­­­леніп жат­қа­н­ын айғақтайды. Сон­­дық­тан татуластыру рәсімдерін қол­дану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығынын азайту, халықтың дауды (жанжалды) соттан тыс реттеу­ге қызы­ғу­­шы­лығын арттырудың маңызы зор.

Аталған жобаны жүзеге асыру алго­ритмі белгіленді. Осылайша, сот кең­се­сіне талап-арыз беріл­ген­нен кейін дауды татуластыру рәсім­де­рін қол­дану арқы­лы шешу ісі татуластырушы судь­яға бөлінеді. Осыған байланысты сот тарап­тарға алдын ала оларды қолда­ну түрлері мен артықшылықтары түсін­ді­ріл­ген хабарлама жібереді. Осы ретте тарап­тарға бекітілген үлгі бойынша де­реу шақырту хаттары жолданады.

Ақтөбе қалалық сотында бұл жоба 2018 жылдың 10 мамырынан бас­тал­ды. Рәсім «Соттағы татуластыру рә­сім­­дері» қанатқақты жобасын іске асыру шеңберінде жаб­дықталған кең әрі жайлы каби­нет­­тегі дөңгелек үстел бас­­ында өткі­зі­­ле­ді. Бейтараптылық, құпия­­лы­лық, еріктілік пен тарап­тар­дың құқық­­тық теңдігі медиа­ция рәсімін қол­­да­нудағы басты қағидаттар сана­лады.

Ашығын айтқанда, қазір отба­­сы­лық құндылықтар төмен­­деп, оған ерекше назар аударыл­май­тын­дығы байқалады. Ең алдымен, отбасы мүшелерінің бір-бі­ріне деген ізеті, құрметі, ағайындығы, туыс­­тық қарым-қатынастардың бе­рік­­ті­гі маңыз­ды. 

Мәселен, ажырасуға арыз бер­­ген бір келін өз шағымында күйеу­і­нің сөз­ін көтере алмай, екі кіш­­кен­тай бала­сын алып төркі­ніне кетіп қалып, төрт ай өткен­нен кейін, жол­дасы соңы­нан іздеп келмеген соң, некені бұзу туралы шешім қабылдаған. Кейін­нен тараптар татуласу рәсіміне шақы­рыл­ған­да әйел «міне­зі­міз жараспайды, куйеуім жиі бала­ғат­тайды» деген уәж айтқан. Шын мәнінде, әлгі әйел­дің үй жина­май­тын­дығы, тамақты уақы­тында әзірлемейтіндігі, ыдыс жуыл­май тұратындығы, интернет желі­сін­де көп отыратындығы, ұялы телефонмен таң атпай құрбы­ларымен сөйлесіп, уақыт шығын­дай­тыны, тағы басқа жағдайлар күйеуі­нің ызасын келтіретіндігі анық­­талды.

Әңгімелесу барысында талап қою­шы­ға осы жағдайлар айтылып, ақыл-кеңес, ұсыныс берілді. Нәти­жесінде ол өзінің істеген қы­лық­тарына сын көзбен қарап, өзі­ні­кі дұрыс еместігін мойындады. Нақтылай айтқанда, ол жолдасынан кешірім сұрап, балалары үшін әкесінің орны бөлек екенін, өзімшілдіктен жолдасын сыйламай, қадірін білмей жүргенін, құрбыларының сөзіне еріп, қате­лік­ке бой алдырғанын жеткізіп, өз ісіне қынжылды. Осылайша тараптар дер кезінде отбасын сақтап қалу туралы шешім қабылдады... 

Негізінде, сотқа келген тарап­тар­дың психологиясына қарап, олардың ара­да­ғы түсінбеушілікке байланысты болмыстары қатты өзгеріске ұшыра­ға­нын байқауға болады. 

Үш-төрт айға дейін созылатын кей­бір сот талқылауларына қарап, сотқа дейін­гі татуласу тараптарға әуре-сар­саң­ға түспеуге, уақытты үнемдеуге және қорғаушы қыз­ме­ті­не төле­­нетін, соның ішінде сотқа жүгін­уге байланыс­ты шы­ғын­­дарды үнем­деуге, бастысы, тату қарым-қаты­­нас­ты сақтап қалу­ға мүм­кін­дік беретінін анық бай­қауға болады.

Тағы бір айта кетер жайт, тату­ла­­су рә­сім­дерінің қатысу­шы­ла­рына жоба туралы өз пікірлері мен медиация­ны дамыту бойынша ұсыныс­тарын білдір­етін тиісті сауал­нама өткізіледі. Соның нәти­же­сінде татуласқан жандар шын ниетімен алғыстарын айтып, осын­дай жобаны жүзеге асыр­ғаны үшін Жоғарғы сотқа риза­шы­лық­та­рын біл­ді­­­ріп, татуластыру қызметін «өте жақсы» деп бағалап жатады. 

Қорыта айтқанда, аталған жоба сот­тар­­дағы татуластыру рә­сім­­­дерін дамы­ту­ға жаңа серпін бере­тіндігіне және дау­ды бітім­гер­шілік арқылы шешу­ге үл­кен ықпал ететіндігіне сені­мім зор.

Айгүл АБДУЛЛИНА, 

Ақтөбе қалалық сотының судьясы