Спорт • 15 Наурыз, 2019

Стенд атудан Мексикадағы әлем кубогі кезеңінде кімдер бақ сынайды?

886 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-25 наурыз аралығында Мексиканың Акапулько қаласында стенд атудан лицензиялық әлем кубогінің алғашқы кезеңі өтеді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Стенд атудан Мексикадағы әлем кубогі кезеңінде кімдер бақ сынайды?

Аталған сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Олар – Ангелина Мищук пен Ольга Панарина. Екі мергеніміз де скит бағдарламасында бақ сынайды. 

«Виза алу кезінде қиындық туындағандықтан, Мексикаға толық құраммен бару мүмкін болмады. Тек екі спортшымыз жүлдеге және квотаға таласып көреді. Ал Дубайда өтетін әлем кубогінің екінші кезеңіне Қазақстан командасы тегіс құраммен аттанады. Жалпы алғанда, Токио Олимпиадасының жолдамалары әлем кубогінің төрт кезеңінде таратылады. Ал ең соңғы мүмкіндік Дохада өтетін Азия чемпионат болмақ. Дегенмен, Азия чемпионатына дейін жолдама иеленіміз деген үміт көп», - дейді құрама бапкері Оксана Середа. 

Спортшылар Мексикадағы жарыс аяқталған соң тікелей Дубайға аттанатынын еске саламыз.