Жеңіл атлетика • 15 Наурыз, 2019

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогінің іріктеу сынында көш бастады

928 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Әзірбайжан астанасы Баку қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталып, қазақстандық Милад Карими финалға жолдама алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогінің іріктеу сынында көш бастады

Еркін жаттығуда Милад мүлтіксіз өнер көрсетіп, іріктеу сынын бірінші орынмен аяқтады. 

Шығыршықпен жаттығуда Дмитрий Патанин 16-шы нәтижені көрсетті.

Сондай-ақ, қоссырықтағы жаттығуда Патанин 25-ші орында. Ербол Жантықов қоссырықтан 28-ші, Аким Мусаев 34-ші орын алды.