15 Наурыз, 2019

Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан аралас эстафетадан 18-ші орын алды

951 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан биатлоннан әлем чемпионатында аралас эстафета аяқталды. Қазақстан атынан Галина Вишневская мен Роман Еремин жарыс жолына шыққан болатын. 

Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан аралас эстафетадан 18-ші орын алды

Нәтижесінде, жеңімпаз командадан 3 минут 12.3 секундқа қалып қойған қазақстандықтар 18-ші орынға табан тіреді. Жарысқа жалпы есебі 23 команда қатысқан. 

Аралас эстафетада алтын медальды Норвегия, күмісті Италия, қоланы Швеция командалары иеленді.