Бокс • 15 Наурыз, 2019

Асхат Уәлиханов 30 наурызда шаршы алаңға шығады

1059 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокста еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген боксшы Асxат Уәлиxанов өзінің келесі кездесуін 30 наурыз күні өткізеді.

Асхат Уәлиханов 30 наурызда шаршы алаңға шығады

Жекпе-жек АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өтеді. Қарсылас Пуэрто-Рикo елінің боксшысы Хосе Лопес. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 12 кездесу өткізіп, 11 жекпе-жекте жеңіске (9 нокаут) жетсе, 1 кездесуде жеңілген. Ал жерлесіміз бүгінге дейін 5 кездесу өткізіп, 4 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Бір айқасында жеңіліске ұшыраған.

Бокс кешінің басты жекпе-жегі жартылай ауыр салмақтағы украиналық боксшы Александр Гвоздик пен франциялық Дуду Нгумбу арасында өтеді. Гвоздик WBC чемпиондық белбеуін қорғайды.